Қимыл қозғалыс ойындарының тиімділігі

Ордабаева А.С.  

Қостанай облысы әкімдігі білім  басқармасының  “Рудный қаласы білім бөлімінің  №15  жалпы білім беретін мектебі” коммуналдық  мемлекеттік мекемесі шағын орталық топтың тәрбиешісі 

Ойын мен көрнекілік – балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттырады, сенімін оятады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі балалардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.
Оқудың алғашқы кезінде балалардың тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Баланың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
.Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету.
Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Таңдап алынған ойындар балалардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау,ойындардың өту барысының жоспарын жасау. Баланың қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын бүлдіршіндердің зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық ( ересек, ортаңғы) топтарда қолданылады.Сонымен бірге топ ішінде ойнайтын ойындар мен іс – әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Мысалы ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген тақырыптарды еске түсіру үшін қолданған жөн. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті кезінде мынадай ойындарды ойнауға болады:
Аудармашы ойыны барлық тақырыптарға келеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.