Қазақстан тарих, дүниежүз тарихынан керек. Тәуелсіздік – киелі ұғым

Бақытжан Нұрасыл, Қайыржанқызы Қарақат 
«Арқалық қалсы әкімдігі білім бөлімі Кейкі батыр атындағы №4орта білім беретін мектебі» КММ мектептің атауы оқушылары

Жетекші: Ибраева Луза Диханована

Рухани жаңғыру — ішкі жан дүниеміздің жаңа өзгерістерді қабылдап, көнеден қалыптасқан салт–дәстүр, мәдениетіміз бен тарихымыздың жаңару жолына түсуі.

Рухани жаңғыру төл тарихымыздың бір бөлшегі іспеттес. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыздың осы кезге дейін жүріп өткен жолы, тар жол тайғақ кешулер осыған дәлел.

Елбасымыз өзінің кезекті жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялаған болатын. Біздің мұндағы көздеген мақсатымыз дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Біз алдымызға мақсат қоя отырып, жаңа тарихи кезеңге табан тіредік.

Ұлт көшбасшысы өзінің «Рухани жаңғыру» мақаласында басты басым бағыттарды атап көрсетіп берді.

ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы

Біз өмір сүріп жүрген қоршаған ортамыз жыл сайын, күн сайын, тіпті керек болса сағат сайын өзгеріске ұшырап, жаңарып отыр. Жаңашылдыққа аяқ баспас бұрын санамызда қалып қойған кейбір жат дүниелерден арылуымыз керек. Біз үшін бұл жаңғырудың бастамасы секілді. Бұл дегеніміз өткенді ұмыту дегенді білдірмесе керек. Елбасымыз біздерге қазіргі әлемдік жаһандану жағдайында заман ағымына икемделуді, жаңа дәуірдің озық үлгілерін бойымызға сіңіруді міндеттеді. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты-сол ұлттық кодыңды сақтай білу»,-деп баса айтты.

Ұлттық код — халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптастырған төл туындылары, асыл дәстүрлеріміз бен мәдени мұрасы.

Бәсекелік қабілет

Біздер өмір сүріп отырған қоғамда табысқа жету үшін бәсекелік қабілеттің болуы өте маңызды. Біз сол арқылы өз – өзімізді дамытып, өзімізді жаңа қырымыздан таныта аламыз. Дәл, осылай ұлтымызға да бәсекелік қабілетті дамыту, оның биік шыңдардан көрінуіне мүмкіндік береді.

Прагматизм

Біздің Oтанымыз Еуразия материгінің жүрегінде орналасқан. Сонау, кең байтақ жерге иелік еткен ата-бабамыз оны көзінің қарашығындай қорғап, мына біздерге аманат етті. Ендігі дарқан даламызды көркейтіп, жерімізді, жер қойнауындағы бағалы   байлығын үнемді пайдалану -біздің меншігімізде.

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Салт-дәстүріміз, музыкамыз, сәулет өнеріміз, ғұрыптарымыз -бұлардың бәрі ұлтымыздың рухани мәдениеті. Ұлтымызды ұлт ретінде көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Ұлтымыздың біртұтастығы қазақ елінің берік діңі. Оны сақтамай ,жаңа кезеңге аяқ басу -үлкен қателік.

Білімнің салтанат құруы

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық», — деп қара сөздің қас шебері Абай атамыз айтқандай, білім ол ең басты табысқа жетелеп, биік шыңға көтеретін дүние. Бізді бір-бірімізден ерекшелеп көрсетіп тұратын да осы.

Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы

 

Тәуелсіздік –  киелі ұғым

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.