Жас дарындар

Ерполатова Жанет,   Райымбеков Алихан              

Рудный қаласы әкімдігінің “№18 орта мектебі” КММ оқушылары

Жетекші: Садвакасова Ермек  Конысбековна

Рудный қаласы әкімдігінің “№18 орта мектебі” КММ   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

Тілім тілім – тірегім!

Қазіргі таңда ата-бабамыздың аманаттап кеткен тіліміздің, бай мұрасын жалғастырып , мәртебесін көтеру –бізге міндет. Өйткені тіл әр елдің ділі, рухы, ұлттық болмысының жиынтық көрсеткіші.  Ал,ақпараттық кеңістік үстемдігіне келсек орыс тілінің айдарынан жел есіп тұрғалы қашшан…Бұл ұлт тұтастығына қауіпті емес пе?-деген күдікке жетелейді. Қазірден бастап қолға алуды өзімізден бастамасақ сынған кесені біріктіре алмаған сияқты ана тілімізді біріктіру қиынға соқпас па екен?! Міне, осы мәселе мені жас маман ретінде толғандырып, қалам тербеуіме себеп болды. Менің ойым бүкіл халық қоштап, тіліміздің қолдану аясын кеңейту қажет. Қазіргі таңда қазақ қоғамында үштілділік мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бірақ біз орыс тілін жетік меңгергендіктен орыс тіліндегі ғылыми-техникалық, танымдық мол ақпаратты алумен қатар, орыс халқының озық әдебиетімен таныса білдік.

 

 

Тіл – еліміздің тірегі!

 

 

Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Міне, осы орайда  алдыңғы кезекте қазақ тілін қоюымыз керек. Шынымен де қазіргі қоғаммен оның өткенін байланыстырушы тарихи сана қалыптаспайынша патриотизмді қалыптастыру мүмкін емес. Әлем бойынша екінші ұстаз саналатын, ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби 76 ұлттың тілі білгендігіне қалай тәнті болмассың. Біртуар Абай орыс-қазақ тілдерімен қоса парсы, араб тілдерін де жетік меңгерген. Қорытындылай келе, міне, осындай ортада қалыптасып өскен бала ешқашан өзге жерде жүрсе де, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазбайтын рухты болып өсері хақ. Олай болса,  тіліміздің аясын кеңейтуге белсенді түрде ат еңбегімізді еселей берейік дегім келеді.

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.