Сәндік-қолданбалы өнер

Құсайын Анель

Қостанай облысы Амангелді ауданы  Құмкешу ауылы Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің 3 сынып оқушысы

Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді.Бүгінгі күннің талабына сай сәндік-қолданбалы өнер түрлері сан алуан. «Көпшілік жұрт қазақтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрпының сырын біле бермейді. Оларды жүйелеп, көңілге қонарлықтай етіп бекзаттыққа, имандылыққа, ізгілікке қатысты білім-танымның талаптарына сай пайдаланып жүргендер жоқтың қасы», – деп жазады өзінің бір сұхбатында Ө.Жәнібеков [1]. Негізінен, біле білген адамға қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мейлі бала тәрбиесінде болсын, адамгершілік тұрғысынан болсын алар тағылым өте мол таптырмас құрал.Ұлы дала төсінде соңғы үш мың жыл бойы салтанат құрған көшпелі өмір салтының ең соңғы мұрагері қазақ халқы. Содан болар, көшпелі қазақтың материалдық және рухани мәдениеті тікелей байырғы салтпен шендесіп жатыр. Қазақ даласынан табылған Андронов заманындағы археологиялық олжалардың ішінде қолөнердің құрал-жабдықтары мол ұшырасады. Әсіресе, тастан, металдан жасалған ұршық бастары, жауынгерлердің үстіндегі асыл металдан дайындалған киім мен қару-жарақтар көшпелілер арасындағы орныққан өндіріс деңгейі мен өнер үрдісін айқын аңғартады.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.