Рухани жаңғыру – жаңартылған білім берудің жаңа көкжиегі

Мамытов Баубек Дәуітұлы

Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Обаған орта мектебі КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Жаңартылған білім аясында  рухани жаңғыру тетігі тілдің көкжиегін кеңейту болып отыр. Осы орайда қазақ тілі мен әдебиет сабағында төрт тілдік дағдыны қалыптастыруды мақсат етіп алдым. Рухани жаңғыру біздің ұлттық санамызға  орнап, бәсекеге қабілетті болып, кез-келген мәселеге прагматистік тұрғыдан келуді, жалпы алғанда ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып, дамуымызды талап етеді. Рухани жаңғырудың ең басты шарты – «білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу» болып табылады.  Осы орайда рухани жаңғыру  жаңартылған білім берудің көкжиегі тәрізді – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқытуды қажет етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналасуға ықыласын туғызады. Сондай-ақ, жаңартылған білім беру мазмұны  оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені жай ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі. Күнделікті өмірде «Балалар ХХІ- ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты. Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. Сондықтан,  төрт тілдік дағдының ұтымды тұсы  қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен өрлей түскені жай эссе жазудан әңгіме тіпті повесть жаза алатындай дағдыға ие болып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі.Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Осы орайда жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: «Қабырғадағы роль», «Ыстық орындық», «Пікірлер сызығы», «Саналылық аллеясы», «5 сұрақ, 5 жауап», «5 қадам», «Драма әдісі», «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Оқиға тауы», «Стоп кадр» т.б мұғалімдер пайдаланатын жаңаша әдістер  оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді.  Иә, өркениетті дамудың өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.