«Жыл мезгілдері»

Жанбекова Аида Алибековна

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №16 «Балдәурен» бөбектер бақшасы» КМҚК тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларды  жыл  мезгілдерімен  таныстыра  отырып, жыл мезгілдерінің ерекшеліктері  жайлы  түсіндіру.

Міндеттері:

Тәрбиелік: сөздегі дыбыстарды анық айтуға үйрету.

Білімділік: сұрақтарға  жауап беріп, диологтік сөйлеуге дағдыландыру.

Дамытушылық: ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жыл мезгілдерінің  суреттері, жыл   мезгілдеріне  сай  киімдердің суреттері,  гүлдер.

Әдіс-тәсілдері: ой  қозғау,әңгімелеу,  сұрақ-жауап.

Әрекет

кезеңдері
Тәрбиешінің  іс-әрекеті
Балалардың

іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіңдер  ме  балалар?

Балалар, бізге  шуағын  төккен  күнмен, мейірімді   жер  анамен, қайырымды  аспан  атамен және  бізге  келген  қонақтармен амандасайық

Өте  жақсы  балалар, ал  енді  әркім  өз  орындарына  отыра  қойсын. Балалар  бүгін  біз  экология  іс-әрекетінен  жыл  мезгілдері  тақырыбында

әңгімелесеміз. Табиғатты  аялап, қорғасақ, өз  денсаулығымызды   қорғағанымыз.

Балалар  өз  денсаулығымызды  қорғағанымыз  дегенді  қалай  түсінеміз?

Біз  табиғатты  қорғасақ,  яғни  өсімдіктерді, ағаштарды ,гүлдерді  көп  етіп  егіп,  оларды

күтіп  баптай білсек  олар  біздің  денсаулығымызға   өте  пайдалы. Олар бірігіп, саябақтарды, ормандарды  құрайды.

Әрбір  жыл  мезгілі  өз   сәнімен  ерекшеленеді. Жазда  ыстық, күзде  сары, қыста  қар,

көктемде  жасыл  болады.

Балалар  неше   жыл  мезгілі  бар?

Қане   бәріміз  бірге  жыл  мезгілдерін атайықшы.
Армысыз  қайырмды

Аспан  ата!

Армысыз,мейірімді

Жер  ана!

Армысыз,шұғылалы

Алтын  күн!

Сәлеметсіздер ме апайлар!

 

 

 

Балалар  мұқият

тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Төрт  жыл  мезгілі  бар.

Қыс,көктем,жаз,күз.

Ұйымдатыру-іздестіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дұрыс  айтасыңдар  балалар.  Осы  кезде  қыс  мезгілі  қонаққа   келеді.

Қыс мезгілі:

Аяз   қысып,өрнек  сызып,

Терезеңді   торлайды.

Бөбектерім  айтыңдаршы

Бұл  қай  кезде  болады?

Жарайсыңдар  балалар. Мен  қыс  мезгілімін.  Мен  сендерге

жұмбақтар  әкелдім. Ал  сендер  ол  жұмбақтардың  шешуін  табуға  дайынсыңдар  ма?

Ендеше  тыңдай  қойыңдар.

*Қыста  ғана  болады,

Ұстасаң  қолың  тоңады.

*Зулап  түстім  төменге,

Менсіз  шықпас  төбеге.

*Отқа  жанбайды ,

Суға  батпайды.

Жарайсыңдар  балалар. Сендер  жұмбақты   жақсы  шешеді  екенсіңдер Мен  өзіммен  бірге  бауырларымды  әкелдім.

Олар  қыс  мезгілінің  ерекшеліктері  жайлы

айтып  береді.

Қане  Тамерлан  бізге  не  айтады  екен?

Тамерлан:

Балалар  мен  сендерге  сұрақ  қойғым  келіп

тұр.

-Қыс   мезгілі  несімен  қызықты?

Жарайсыңдар  балалар. Ал  Нұрсая қыс  мезгілі  жайлы  не  айтады  екен.

Нұрсая:

-Балалар  қыста    күн  суық  болып,  боран

соғады.  Аяз  болып,  сулар мұз  болып  қатады.Қар  жауады. Адамдар  жылы  киімдерін   киеді.

Жарайсың  отыра  ғой.  Ал  балалар қазір  жылдың  қай  мезгілі?

-Күн,күн,сен  неге күлімдейсің?

-Жаңбыр,жаңбыр  сен   неге  сыртылдайсың?

-Құстар,құстар  сендер  неге сайрайсыңдар?

Өте  жақсы  балалар.

Көктем  мезгілінде   қандай  ерекшеліктер  болады?

 

 

 

 

Осы  кезде  Бәйшешек  өсіп  шығады. Балалар  мынау  қандай  гүл?

Ал енді бір сәт  тыныштық сәтін ұйымдастырайық.

Тыныштық  сәті:

Балалар  көздерін  жұмып, терең  тыныс  алады. Жасыл  желек  жамылған  шөптерді, бүршік  атқан  ағаштарды,  сайраған  құстарды,гүлге  қонған  көбелектерді  көз  алдарыңа

елестетіңдер. Гүлдің   иісі  қандай  әдемі!

Балалар ендеше бәйшешектің  иісін  иіскеп,терең  тыныс

алайық.

Осы  кезде  жаз  мезгілі  қонаққа  келеді.

Жаз  мезгілі:

Өрік ,алма,

Шие,алша ,

Дүкендерге  түседі,

Бөбектерім  айтыңдаршы

Бұл  қай  кезде  болады?

Дұрыс  айтасыңдар. Мен  жаз  мезгілімін. Менің  ерекшелігім

Психологиялық  сәт:

Қане  балалар  бір  сәт  тыныштық  сақтап,

өзімізді  табиғат  аясында  жүрміз  деп

елестетейік.Мейірімді  күн  шуағы  көгілдір

көлге  шағылысып,  жалт-жұлт  етеді. Енді  сендер  суға   шомылып ыстықтағандарыңды  басыңдар. Қандай  рахат,көңіліміз  жайланып, көтеріліп  қалды.

Енді  осы  елестеткен  ,ойлаған  ойларыңмен

бөлісейік.

Медина:

Жаз  мезгілі-жылдың  ең  қызқты  кезі. Балалар  жазғы  демалысқа  шығады,суға

шомылып,балық  аулауға  барады. Балалар  демалатын  орындарға   барады,ал

кейбір  балалар жайлауға  ата-әжелеріне  барады.Жарайсың  отыра  ғой. Ал  балалар  жаз  мезгілімен  таныстық. Осы  кезде  күз  мезгілі  қонаққа  келеді.

Күз  мезгілі:

Астық  пісіп,

Орақ  түсіп.

Қырмандарға  түседі,

Бөбектерім  айтыңдаршы

Бұл  қай  кезде  болады?

Дұрыс  айтасыңдар. Мен  күз  мезгілімін. Менің  ерекшеліктерім  жайлы  бауырларым

айтып  береді.

Нарбек:

Балалар  мен  сендерге  сұрақ  қойғым  келеді.

-Қыркүйек  айында  үлкен  балалар  қайда

барады?

-Үлкен  кісілер  не  істейді?

Батуржан:

-Мен  күз  айлары  жайлы  айтып  беремін.

Күздің  бірінші  айы-қыркүйек. Ол  ерте  күз  деп  аталады.

Екінші  айы  – қазан.  Ол  -алтын  күз  деп  аталады.

Үшінші  айы-қараша. Ол  суық  болғандықтан,қара  күз  деп  аталады

Өте  жақсы  балалар.
 

 

 

 

 

Қыс  мезгілінде  болады

 

 

 

 

Иә.

 

 

Қар.

 

Шана.

 

Мұз.

 

 

 

 

 

 

Қыста  қар  жауады,

қардан аққала  жасап

ойнаймыз.Шанамен

ойнаймыз.

 

 

 

Балалар  мұқият

тыңдайды.

 

 

 

Көктем  мезгілі.

-Көктем  келді.

-Көктем  келді.

-Көктем  келді.

 

Күн  жылынып,адамдарегін  егеді. Жылы  жақтан  құстар  келіп,  көктемнің

алғашқы гүлі бәйшешек

шығады.

Бәйшешек.

Мынау  көтемнің  алғашқы  гүлі   ғой.  Қандайәдемі!

Балалар  қайталайды.

 

 

 

 

Балалар  мұқият  тыңдайды.

 

 

 

Жаз  мезгілінде  болады

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар психологиялықсәтті  орындайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар  мұқият

тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күз  мезгілінде  болады

 

 

 

 

 

Балабақшаға,мектепке  барады.

Егіндерін  орып, астықтарды  жинайды.

 

 

 

 

Балалар  мұқият

тыңдайды.

 

Рефлексивті-түзетушілік.
Біз  бүгін  жыл  мезгілдері  жайлы  әңгімелестікАл  енді  іс-әрекетті  «Гүл  теру»  ойыны  арқылы

қорытындылаймыз.

Балалар  мына  жерде   гүлдер  тұр.  Ал  ендер  гүлді  ала  отрып, сұрақтарға  жауап  бересіңдер.

Сұрақтар:

-Жыл  мезгілдерін  ата?

-Тыйым  сөздер  айт?

-Бүгінгі  ауа  райы  қандай?

-Қыс  мезгілінің  ерекшеліктерін  ата?

-Бәйшешек  туралы  тақпақ  айт?

Қорытынды.

Балаларды   мадақтау.
Күннің  суыта

бастағанын,  қазан

айында  сұр  бұлт

көбейіп,жаңбыр  жауатынын,жерді  тұман

басып,ештеңе

көрінбейтіні  жөнінде

айтқан.

Балалар  ойын  ойнау

арқылы,  сұрақтарға

жауап  береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.