««Не? Қайда? Қашан?» Интеллектуалдық ойын»

Тайшикова Гаухар Баяновна

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №16 «Балдәурен» бөбектер бақшасы» КМҚК психологы

Мақсаты: Топтық жұмыстарға қызығушылықтарын дамыту, алған білімдерін жүзеге асыра білу, білім, білік, дағдыларын бекіту және  таным белсенділіктерін жетілдіру.

Түрі: психологиялық тренинг-сабақ

Әдісі: пікір алмасу, ой бөлісу, сөз жарыстыру, сахналық өнер

Көрнекіліктер: Юла /волчок со стрелкой/, конверт тапсырмаларымен, қызыл телпекпен қасқырдын маскалары, «Балқарағай пастасы» 1 жарнамаға. Әділ мен Алмагүлдің Ә,А әріптері (бастарына киеді 2 жарнамаға), музыкалық таспа.

Жүру барысы:«Не? Қайда? Қашан?» Әуені ойнап турады (Білгірлер кіреді)

Психолог: Шаттық шеңбері

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымызды  көргенде,

Қуана қарсы аламыз,

Сәлем, сәлем, сәлем!

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Балалар, сіздер ойнағанды жақсы көресіңдерме?

Ең сүйікті ойындарың қандай?

Бүгін біз «Не? Қайда? Қашан?» ойынын ойнаймыз. 3 топқа бөлінеді, 1,2 топ ойыншылар, 3 топ жарнамашылар (ересек, мектепалды тобы). Ойын алаңына қараңыздар, түрлі түсті секторларға  бөлінген. Әр секторда  сұрақтар жазылған конверт жатыр. Бұл сұрақтар ертегі кейіпкерлерінен келген және оларға біз жауап беруіміз керек. Дұрыс жауапқа  бір ұпай аласыңдар. Әр команда кезекпен юланы/волчок со стрелкой/ айналдырады. Стрелка қай жақта көрсетсе, сол сұраққа біз жауап береміз. Екі командаға  бөлінеміз, капитан сайлап, командамызға  ат қоямыз. Міне, енді бәрі дайын бастауға болады.

Тапсырмалар.

1. Күлшеқыздан сұрақ.

Тура  және кері санап жетпеген сандарды ретімен орналастырыңдар.

1 2 3 4   6 7    9 10 11 12    14 15 16     18 19 20.

20   18 17 16    14 13 12 11    9 8 7    5 4 3    1.

1 2   4 5 6   8 9 10   12 13 14    1617   19 20.

20 19    17 16 15   13 12   10 9  7 6 5   3  2  1.

2. Алдаркөседен тапсырма. Жаңа сөзді тап

 

 

1сурет

Жарнамалық үзіліс: І

Ал енді жарнамалық үзіліс. Ортаңғы тобының балалары  шағын көрініс көрсетеді.

Қызыл Телпек келе жатыр, алдынан Қасқыр шығады.

Қасқыр:((күлімсіреп).  Сәлем, Қызыл Телпек! Қалың қалай?  Көрмегелі көп болды!

Қызыл Телпек: Сәлеметсің бе Қасқыр! УАУ!, тісің қандай!!! Сондай аппақ қардай!

Қасқыр: Мен енді ешкімді жемеймін. Көкөністермен жемістерді ғана жеймін! Және әрқашанда менімен  “Балқарағай бальзамы”. Құндыз сыйлаған! Тістер ақ болады және қояндар аман болады! Жарайды, мен кеттім, әжеңе сәлем!  Ал бұл  саған сыйлық!   (Оған  қораптағы тіс пастасын береді).

Қызыл Телпек: (қораптың  сыртындағы жазуды оқиды)

Таң қалманыздар бүгін

Қасқырдың аппақ маржан тісіне

Балқарағай бальзамын алсаңыз

Маржан Тіске ие боласыз! (Реверанс жасайды)

Қасқыр, Рахмет саған! (көңілді әуенмен кетеді).

3. Мақтақыздан сұрақ.

«Төртінші артық» ойыны .

Қоян, ат, мысық, балық.

Торғай, көкек, аққу, қияр.

Түймедақ, лалагүл, раушангүл, алмұрт.

Жеңіл көлік, трактор, паровоз, теледидар.

«Төртінші артық» ойыны.  Берілген суреттен артығын тап..

 

2 сурет

 

3 сурет

4. Карлсоннан сұрақ.

Торкөздерден төменде берілген сөздерді тап.

Бұл үйде кім тұрады?

1)    Балық, Сабақ, Сағат, Қой, Қағаз.

2)    Ат, Піл, Балық, Аю, Үйрек.

 

 

4 сурет

 

 

5 сурет

Музыкалық үзіліс. Сергіту сәті. «Қарлығаш» әніне

П. Ал енді музыкалық үзіліс. Сергіту сәті жүргізіледі.

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Атамның алып күрегiн,

Ауланың қарын күредiм.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкелiп беремiн.

Едендi де жуамын,

Шаң-тозаңды қуамын.

5. Дымбілместен логикалық сұрақтар келіпті.

*… қоянның 4 құлағы көрініп тұр. Забордың артында неше қоян?

*Бос стаканда неше құлпынай бар?

*Аққайында 3 алма өсіпті, еменде 2 алма. Барлығы нешеу?

*Бес қабатты үйде неше қабат бар?

*Не ұзын апта ма әлде айма?

*Қай фигурада басы да жоқ, соңы да жоқ?

*Не ұзын 3 күн бе әлде 1 апта ма?

*Балалар шанамен сырғанап жүр?

6. Вини-Пухтан сұрақ.

Мағынасына сәйкес заттардың суретің шарға сал.

 

6 сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 сурет

ІІ. Жарнамалық  үзілісті тамашалаңыздар. (Мектепалды тобының балалары шағын сахналық көрініс)

Әділ орындықта отырып өз ойын дауыстап айтады.

– Қар неге жауады екен? Қайдан келеді өзі? Неге күн түнмен ауысады екен? А неге…? А қалай…? А…? Ақ аюлар пингвиндарды жейме екен?

Алмагүл кіреді.

-Ақ аюлар пингвиндарды жемейді!

-Неге?

-Өйткені ақ аюлар сол түстік полюсте, ал пингвиндер оң түстік полюста тұрады!

-Сен бәрін қайдан білесің?

-Мен кітап көп оқимын! Егерде көп білгің келсе, міндетті түрде кітап оқуды үйрен!

Бірге мақалды айтады: Кітап – білім бұлағы!

7. Буратинодан келген тапсырма, әдебиеттік викторина «Ертегілер елінде»

– Күлшеқыздың арбасы неге айналды?

– Үш аюдың үйіне кім келді?

– Сүйкімсіз үйрек өскесін қандай құсқа айналды?

– Бауырсақ кімнен қашып кетті?

– Тышқан алтын  жұмыртқаны қалай жарды?

– Мысық не іздеді?

– Қоянға түлкіні қууға кім көмектесті?

– Үш торай неден қорықты?

– Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін атап беріндер.

8. Сұрақ Қар Патшайымынан келіпті .

Қызықты есептерді шығарып беріндер.

 

8 сурет

Қорытынды: Міне балалар «Не? Қайда? Қашан?» атты ойынымыз да өз мәресіне жетті. Ұпай саның айтсақ жеңілген команда жоқ. Екі команда да дипломдармен марапатталады және тәтті сыйлармен. Ертегі кейіпкерлерінің сұрақтарына жауап беру ұнады ма? Олай болса смайликпен белгілеңіздер. Рахмет!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.