«Саяхат»

Ищанова Гульназ Айтжановна

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №16 «Балдәурен» бөбектер бақшасы» КМҚК тәрбиешісі

Тақырыбы: Саяхат сабақ
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді ажырата білуін жетілдіру, тура және кері санау түсініктерін жинақтау.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, қиялын, ой – өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Алма ағашының макеті, алмұрт ағашының макеті, үйшік макеті, геометриялық пішіндер, сандар жиыны.
Сабақты ұйымдастыру:
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем,- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем айы
Тәрбиеші: Көктем айларын ата?
Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр
Тәрбиеші:

Көктем айында  ағаштарда қандай өзгерістер болады?

Ендеше, біз алма, алмұрт ағаштарының өзгерістерін байқып көрейік.

1 – тапсырма.

Алма ағашы. (тура санағанда гүлденеді, кері санағанда жемісін береді)

 

2 – тапсырма

Алмұрт ағашы. ( Әр санның көршісін табады)

 

Сергіту сәті:

Бойды сергек тік ұста
Емін – еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын

Шеңбер жасап тынбасын.

 

Ал, балалар, бақты аралап шаршадық. Енді өзімізге ұнаған үйшік жасап алайық.

Үй қандай бөліктерден тұрады?

–         Төбесі, есік, терезе , үйдың қабырғасыннан тұрады.

Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?

–       Үш бұрыш, төрт бұрышқа ұқсайды.

–       Балалар дұрыс айтасыңдар енді алдымыздағы тұрған геометриялық пішіндерден үй құрастырып алайық, шаршағанымызды басайық.

 

3 – тапсырма.

Геометриялық пішіндерден үй құрастырады.

 

 

 

Қорытынды.

– Балалар сендерге бақтағы саяхат ұнады ма?

– Біз не істедік?

– Балалар сандар туралы білдік:

Сандар шығып тақпақтарын айтады:
1. Бала:

Мені білгін келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
2. Бала:

Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым.
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
3. Бала:

Екіден соң әрқашан
Үш саны боп қаламын.
Қос мүйізі майысқан
Ұлттық ою саламын.
4. Бала:

Достар мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді
Бірақ үшке ағамын
Жақсысымын бағаның
5. Бала:
Әр қолда саусақ бес – бестен
Шықпас тегін ол естен
Біліп санның шамасын
Мысал ойлап табасың.

 

 

 

–         Балалар тағы не үйрендіңдер?:

1. Бала: Пішіндерді үйрендім
Қабырғасы тік сайлы.
Үш бұрыш бұл үйлердің
Шатырына ұқсайды.
2. Бала: Бөлініп – ап екіге,
Отырған сәт шетінде.
Төртбұрышта ұқсайды
Үстелдердің бетіне.

Тәрбиеші:
–  Сендермен бірге саяхатымыз көңілімді өткеніне өте  қуаныштымын. Сіздерге ризамын.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы әдемі қорап тауып алдым, ішінде  кәмпиті бар екен. Топқа барып жейсіңдер.
–  Балаларды мадақтайды.

– Осымен бүгінгі саяхатымыз аяқталды.
Балалар: Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атап, сандарды дұрыс атай білді,
Игеру керек: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру керек.
Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, сандарды шатаспай меңгергендері байқалады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.