Педагогтың әдістемелік жинағы «21- ғасыр көшбасшысы» сабақтан тыс іс- шара

Искакова Алтынғайша Болатбековна

Семей қаласы «Қызмет көрсету саласы» колледжінің экономикалық пәндер оқытушысы

Өткізу мақсаты:

Оқытушылық: Білім алушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру, интеллектуалдық қабілетін дамыту. Өткен сабақтар бойынша алған білімдерін тереңдету, толықтыру, қорытындылау.

Дамытушылық: Оқушылардың   логикалық   ойлау   мәдениетін   дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз ойларын дұрыс жеткізе білу сонымен қатар тіл мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: жауаптылық, ұжымдылық, мамандыққа деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру, мамандықты сыйлау мен құрметтеу, қаржыгер қызметінің маңыздылығы мен қазіргі заманғы рөлін түсіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, шарлар

 

Сабақ түрі: сайыс (интеллектуалдық ойын)

Жүргізуші: арнайы пәндер оқытушысы Искакова Алтынгайша Болатбековна

Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, білім алушылар! Сіздермен бірлесе отырып «ХХІ ғасыр – көшбасшысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста

Ойын толқын жатқанда асып, тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып

Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды білім алушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Ойынға 6 – білім алушы қатысады. Бүгінгі ойынымыз 4 турдан тұрады.
(Ойыншылар өздерін таныстырып өтеді)
1 –кезең- «Ширату»
2 кезең– «Бәйге»
3 кезең––«Ойлан тап»
4 кезең- Сөзжұмбақ
5– кезең-«Жорға»

6. Сайысты қорытындылау

1 -кезең «Ширату» сұрақтар берілген оған қатысушылар кезекпен  жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген  оқушы жауап бере алады. Әр жауап 5 ұпайдан есептеледі.

«Ширату».

1. Банкир – банк жұмысын басқарушы

2. Импорт – басқа елдерден сатып алатын тауарлар

3. Бәсеке – өндірушілер арасындағы бақталастық

4. Валюта – елдердің ақша бірлігі

5. Инфляция – ақшаның құнсыздануы

6. Квота – тауар санына шек қою

7. Сауда – тауарларды айырбастау

8. Контракт – келісім-шарт

9. Бартер – затты ақшасыз айырбастау

10.Экспорт – басқа елдерге сататын тауарлар

11.Тәуелсіздік – егемендік

12.Аукцион – бәсеке сауда

13.Ақша – жалпыға ортақ эквивалент.

14. Несие -Несие  белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз

2-кезең ««Бәйге» сұрақтар берілген оған бірінші болып таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер де ол жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген  оқушы жауап бере алады. Әр жауап 5 ұпайдан есептеледі.

Ұпайы аз бір ойыншы ойыннан шығады.

1.23 «Экономия» терминін алғаш ұсынған кім?  – Ксенофонт

2.46 Өндіріс –адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі.

3. 34 Экономикалық теорияның міндеттерін ата – танымдылық, тәжірибелік, сыншылдық, әдістемелік, болжамдық.

4. 96 Әдіс деген не?- көмегі арқылы экономикалық процестер мен құбылыстар оқытылатын тәсілдер, принциптер жиынтығы

5.17 Экономикалық зерттеудің екі сферасы- Микроэкономика, макроэкономика

6. 76 Дедукция әдісі – ойдың жалпы жағдайлардан нақты фактілерге жылжуы;

7.61. Индукция әдісі – ойдың жеке фактілерден жалпы теориялық тұжырымдарға   жылжуы;

8.38. Өндіріс ресурстары – бұл тауарлар мен қызметтерді жасау процесінде қолданылуы мүмкін табиғи, әлеуметтік, рухани күштердің жиынтығы.

9.13. Еңбек, жұмысшы күші – адамдардың ой және дене жұмыстарының мүмкіндіктері, яғни игілікті дайындауға бағытталған ойлау немесе дене қызметтері.

10. 55.Меншік – бұл  мүліктерді меншіктеу және шаруашылыққа пайдалану бойынша адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар.

11. 57.Меншік қатынастары- иелену, пайдалану, билік ету.

12. 27. Экономика ғылымының жеке дамуындағы алғашқы теориялық бағыт – меркантилизм.

13 99. XIX ғ. К.Маркс пен Ф.Энгельстің теориялық бағыты қалай аталды? – марксизм

14. 3. Капитал –   тауарлар мен қызметтер өндірісінде қолданылатын барлық игіліктердің жиынтығы.

15.7.Экономиканың негізгі үш мәселесі—Не өндіру? Қалай өндірі? Кім үшін өндіру?

16.42. Баға деген не? –тауардың құны, ақшамен белгіленеді.
3 кезең «Полиглотта»

Қ А Р Ж Ы сөзіндегі әрбір әріпті таңдай отырып, ішінде жасырылған сұрақтарға жауап береді. Жауабы сол таңдалған әріптен басталады. Толық жауапқа 10 балл. Ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығады.

Қ- әріпі:

1.     Бір жақ екінші жаққа меншікті немесе оперативті басқаруды, ақшаны немесе түр-түсі белгіленген заттарды табыстайтын, ал қарыз алушы сол тектес және сапасы сондай затты немесе ақшаны қайтаруға міндеттенетін шарт? (Қарыз)

2.     Бағалы қағаздар сатылатын және сатып алатын, өзінің тұрақты орны мен жұмыс уақыты бар қатаң белгіленген  тәртіппен әрекет жасайтын мекеме (Қор биржасы)

А – әріпі:

1.     Жалпыға бірдей эквивалент (ақша)

2.     Акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. (акция)

Р – әріпі:

1.     Капиталдар, мүліктен немесе жерден түсіп отыратын және алушыдан іскерлік әрекетті талап етпейтін табыс (рента )

2.     Үнді халқының ақша бірлігі? (руппи)

Ж – әріпі:

1.     Меншік түрі? (жеке)

2.     Еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін табыс (жалақы)

Ы-әріпі:

1.     БОНУС

2.     Баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнім ассортиментін жаңартуға, жаңа технологияны қолдануға, өнім сапасын арттыруға күш салады? (ынталандыру қызметі)

4 кезең «Ойлан тап»

Әр дұрыс жауапқа 10 балл, ең жоғары ұпай 50 балл

Сөзжұмбақ шешу.

1.     Бір тауардың барлық тауарларға айырбасталуы. (ЭКВИВАЛЕНТ)

2.     Экономикалық теорияның атқаратын қызметтерінің бірі.(ПРАКТИКАЛЫҚ)

3.     Экономиканың дамуын сауда саласымен теңестірген ілім.(МЕРКАНТИЛИЗМ)

4.     Экономиканың дамуын ауыл-шаруашылық саласымен теңестірген ілім.(ФИЗИОКРАТ)

5.     Байлықтың негізі тауарда деген ілім. (КЛАССИКАЛЫҚ)

 

«Жорға» ұпай жоғары 3 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша білім алушылар берілген 4 суреттің ортақ сөзін табуға тиіс.

Ең көп ұпай жинаған оқушы – «ХХІ ғасыр – көш басшысы» атағына ие болады. Құттықтаймыз!
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалдық  «ХХІ ғасыр – көш басшысы» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.