Әдеби – шығармашылық

Бидос Мөлдір, Абдрахманова Фариза, Русланқызы Нұрзада, Нургужа Индира

Қостанай облысы Қостанай ауданы Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

 оқушылары

Туған жерім  – тұғырым!

 

 

Туған жер туралы ой толғап, қалам  тербемеген ақын – жазушы жер бетінде  жоқ болар, сірә!? Бүгінгі күнге дейін туған жерге қаншама әдемі сөздер арналғанымен, ешкім де әлі атамекеннің құдіретін  танытатын сөзді ойлап таппаған да шығар… Неткен ыстық, неткен құдіретті едің, туған жер!

Шіркін – ай! Өз еліңнің ауасы да, суының дәмі де, адамдары да тым өзгеше, айтып жеткізе де алмайсың! Туған жерге деген махаббат, сағыныш ештеңеге  ұқсамайтын – ұлы сезім. Отан ұғымының аясы кең. Мен үшін Отанды сүюдің бірнеше маңызды нұсқалары бар. Соның ішінде маңыздысы қастерлі нәрсе мәдениет, дәстүріміз. Елбасы қазақтың күрделі мәселелерін ашық айтып, ішкі тұтастықты бұзуға дәмеленген рушылдық, жершілдік секілді алып-қашпа әңгімеден бойды алыс ұстауға ша­қырды.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.Бұл  дүниеде біздің  бір  ғана Ота­ны­мыз – тәуелсіз Қазақстан. Хандықтың 550 жылдығында қазақ батырларының ерлігімен жете таныса түстік. Сөйтсем, Жәнібек, Абылай, Қабанбай, Наурызбай деген  есімдер тегін емес екен. Әр есімді ата – аналарымыз ырымдап қойыпты. сол ержүрек бабаларымыздай елін қорғасын, ез болмасын деп ойлапты. Әрине, алдағы уақытта олардың ойынан шығуға тырысамын.  Маған Мәншүк, Әлия, Ләззат сынды апаларым үлгі – өнеге қалдырды емес пе? Менің мақсатым, үш тұғырлы тілді үйреніп, еліме елеулі пайдамды тигізу. Ол үшін осы кезден бастап, сабағымды жақсы оқуға тырысып жүрмін. Мен Қазақстанның азаматымын.  Дінімді, тілімді қастерлеуім керек екенін үнемі жадымнан шығармай жүремін.

Менің Отаныма қызмет етсем деген ойымның өзі туған жеріме деген сүйіспеншілігімді айқындап тұрғандай. Отанды сүю жақын адамдарыңды жақсы көруден басталады. Үйде ата – анам, түзде ұстазым Отан туралы ұғымды санама құйса мен де ой түюім қажет. Өйткені мен елдің үмітімін, елімнің ертеңімін. Сондықтан менің жүрегімді шаттық кернейді. менің Отаным – Қазақстан. Мен тәуелсіз елде тұрамын. Сыныбымда өзбекстаннан көшіп келген достарым да көп – ақ. Олар туған жерін, елін іздеп келді. Оларды оралман демей, қандас бауырымыз деп білуім қажет. Осы тыныштық пен бейбітшіліктің тұрақтануы Елбасымыздың арқасы.

Ол үнемі бізге сенім артады. “Мәңгілік ел” жолы менің жолым. Қазақ елін таныту, абыройын асқақтату біздің міндетіміз. Біз саналы, елжанды азамат болғанда ғана Қазақстанымыз мәңгі гүлдене бермек. Менің Отаным бірлігі жарасқан ел. Осындай елде тұрғанымды мақта тұтамын. Отан – досым, бауырым, ата- анам деп түсінемін. Мен Қазақстан атты  бейбіт елдің ұланымын.

 

 

Ұлттық киімдер

Ұлттық киім – бай тарихы мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт – дәстүр, халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр келуімен байланысты.Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Қазақтардың киімді солға қаусыратыны сақ киімдерінде, орта ғасырларда түріктерде кездеседі. Көшпенділердің киім үлгілерінің тігілу және пішілу тәсілінде сабақтастық сақталған. Киімдердің етек-жеңіне рәміздік ұғымды тұспалдайтын ою-өрнек элементтерін салу, үкі тағу, жын – перілерден, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан қорғайды, магиялық күш әсер етеді деген сенімнен туған. Кейіннен үкіні тақия, сәукеленің төбелеріне, домбыраға, бесікке қадаған. Үкінің қара қасқасын ерлер, балақ жүнінің ұлпасын әйелдер қолданған. Үкі құсын қазақ қасиетті деп білген. Ежелгі бақсылар, батырлар, сал – серілер де үкі тағып жүрген. Ұлттық киім қашанда тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың назарына болды. Суретшілер, әдебиетшілер, театр және кино қайраткерлері, сәнгерлер дәуірлер бойы сақталған ұлттық киімдер арқылы өздері жасаған бейнелерін қорландырып отырды. Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалар мен халықтардың барлығы біздің ұлттық киімдеріміздің қалыптасуына өз үлестерін қосты. Қазақ киімдерінің көшпелі халықтарға ғана тән сипаты болды. Олар өздері баққан мал өнімдерін көбірек пайдаланған.

Күзгі оқиға

Ары-бері аунақшып, қайта ұйықтай алмайтынымды білгесін тұрмаққа бекіндім. «Балапаным-ау, ұйқың қанды ма? Демалыста дұрыс тыныққаның абзал» деп әлгінде ғана «тұр да тұр» деген әжем айналып-толғанып қоя берді. Бір өзіме арналған тәтті тағамға тойына тамақтанып болған соң, күндегі әдетімші төргі үйдегі теледидарды қостым. Атыс-шабыс, жылаңқы мелодрама, даңғаза әуен. Тетікті басып экрандағы жыпырлаған тіршілік иелерін жым-жырт тыныштыққа аттандырдым. Ермек ететін бірдеңе табылып қалар деген дәмемен бөлмеме оралдым.

Негізі менің бөлмем тұп-тұйнақтай жинақы тұрады. Тек әдемі суреттермен безендірілген журналдар мен мерзімді баспасөз газеттері әр жерде шашылып, кейбір кітаптардың сапырылысып жататыны болмаса. Даланы сағынып-ақ қалыппын. Құлағыма таяу маңнан  аттың шабысы естілді. Аттың тұяқ дүсірі маған бірте-бірте жақындай берді. Кенет менің алдыма пәуеске келіп, тоқтай қалды. Пәуескеге жегілген арғымақтарға қарап тамсанып тұрғанымда іштен: – Тентек қыз мінгейсің, – деген өктем дауыс естілді. Бағанадан қызық қуған маған бұл тосын жағдай «іздегенге сұраған» еді. Жылдам басып пәуескеге кірдім. Маған ебедейсіз көрінген ерсі күлкіге көміліп жатқанда мен оның қасындағы жанды қуыршаққа назар аудардым. Басындағы қызыл қалпағы да үйлесе қалған кішкентай ғана жанды қуыршақ.

– Иә, Қызыл телпек. Жаңа арғымақтарымды асау желмен жарыстырып жүріп кездейсоқ жолықпағанымда қасқырдың жемтігіне айналар еді байғұс қыз, – деп басынан тағы бір сипап қойды. Осы сәтте жауап орнына қарғаның түсініксіз «қарқ-қарқ» еткен дауысы қайта естілді. Әрине, басқаша жауап қайдан болсын. Жол бойына аузын ашпаған Қызыл телпек топ етіп жерге түсіп томпаңдай жөнелді. Бір-екі қадам баспай жатып, сарай ішінде ырғақты әуен ойнап қоя берді. Алақаныма аппақ сиқырды уыстап аялаған мен қайта бұрылып қарағанымда Қар ханшайымының сарайы ізім-қайым жоқ болып кетіпті.

Табиғатты қорғау парызымыз

Табиғат қандай тамаша! Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүре алмайды. Өйткені адам баласы табиғатта тіршілік етеді. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен мәселе болып отыр. Барлық дүние жүзінде қорғау шаралары қарастырылуда. Табиғат бiзден үлкен көмек күтуде.       Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар – күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады.

Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды. Ал, табиғатпен адам қатар ұғым. табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.