«Қадыр афоризмдерінің тәрбиелік мәні»

Қадыров Ақтілек

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №7ЖОББМ 11-сынып оқушысы

 

Мазмұны

 

1.     Кіріспе……………………………………………………………………………………………3

2.     Зерттеу мақсаттары мен міндеттері………………………………………………4

3.     Зерттеу болжамы…………………………………………………………………………5

4.     Қадырдың тіршілік кредосы…………………………..…………………………… 6

5.     Зерттеу бөлімі……………………………………………………………………………7-8

6.     Проблеманың шешімін модельдеу сызбасы…………………………………..9

7.     Қадыр қолданған халықтық нақыл сөздер……………………………………10-11

8.     Қадырдың қанатты сөздері………………………………………………………12-13

9.     Қадырдың қанатты сөздерінің тақырыптары мен тәрбиелік маңызы.

14-16

10.                       Қадыр ұсынған тұжырымдар………………………………………………………17-20

11.                       Қадыр шығармалары негізіндегі тілдік –  лексикалық

тапсырмалар….21-23

12.                       Қорытынды……………….………………………………………………………………24

 

13.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі

 

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында  Білім  беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым  мен практика жетістіктері  негізінде  білім беруді ақпараттандыру және дамыту міндеттері  көзделеді.   Бұл міндеттерді шешу үшін ұстазымен бірге әр  оқушы күнделікті ізденіп,  шығармашылықпен еңбек ету керек.

Жалпы білім беретін қазақ орта мектептердегі қазақ әдебиеті пәнінің берілу мақсаты- оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға көркемдік, сезімдік, адагершілік, тәрбие беру арқылы ұлттық салт-сананы қалыптастыра білуболса,ал     адамзат алдында тұрған ұлы мақсат – білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени – ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы міндетіміз.  Соған сәйкесті бүгінгі қазақ әдебиеті тарихында жерлес ақындарымыз бен жазушыларымыздың әдеби мұрасын терең танып, жан-жақты зерттеу,оны барлық салалары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары арқылы келешек ұрпаққа зерделеу жұмыстары  маңызды жүзеге асып келеді.Осы әдебиет майталмандарының бірі – Қадыр Мырзалиев болса,оның нақышты нақыл сөздерінің сырын тану,оны насихаттау бүгінгі күнде біздің еншімізде екені сөзсіз.Осыған сәйкесті Қадыр шығармашылығы жан – жақты зерттеліп, «Қадыртану»курстарын оқыту арқылы да танылуда.Қадыр ақынның өмірі мен шығармашылығы –  бір төбе,философиялық тұжырымдары мен нақыл сөздері –  бір төбе.Ақынның қазақ поэзиясындағы өлең жүйесі,ақындық тілі,көзқарасы ақын мұрасын тани түсуге,тың деректермен толығуға жетелейді.Күннен-күнге кемеңгер ақын мұрасын зерттеушілер қатары толығып,жас буын біз секілді жаңа толқын лектері араласа бастауы заңдылық деп білемін.Қаламының қарымы мол Қадыр ағаның нақыл сөздерінің тәрбиелік маңызын насихаттау- меніңше,бүгінгі күн талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеуде парасатты ықпалын тигізері күмәнсіз.Қадыр ақынның танымы мол нақыл сөздерінің ,жеке тұлғаның жан – жақты тәрбиесіне зор үлес қосатынына сенімім мол.Жалпы афоризмдердің өзі- тәрбие өзегі.Ендеше,сөзге тоқтаған,сөз ұққан әрбір қазақ баласы саналы өмірінде салиқалы сөз іздейдідесек,сол сөздердің топ шоғырын Қадыр шығармаларынан молынан кездестіруге болады.Бүгінгі таңда жеке тұлға құзіреттілігі,оның дамуы басты мәселе болса,отбасынан бастау алар Қадырдың нақыл сөздері жанға жылу,жүрекке шипа болып,ата-ананың бала тәрбиесіне де сілтеме беріп,септігін тигізе алатыны зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.Қадыр афоризмдерінің тәрбиелік маңызы алғашқы жұмыс болғандықтан,аталмыш ізденіс зерттеудің көкейкестілігін анықтайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

 

Зерттеудің алдына қояр мақсаты тәрбиеге елеулі үлес қосар Қадырдың нақыл сөздерін бір жүйеге түсіріп,зерттеу жүргізу,мектеп оқушыларына таныстыру.Осы орайда жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:

–         Қадыр Мырзалиевтің шығармашылық мұрасымен,өмір деректерімен танысу,өзіндік көзқарасын айқындау;

–         Қадыр Мырзалиевтің нақыл сөздерінің тәрбиелік маңызын анықтау;

–         Қадыр Мырзалиев еңбектерінің бағыты мен өзіндік тұжырымдарын анықтау;

–         Қадыр Мырзалиев сомдаған тұлғалар мен философиялық ұғымдарын анықтау;

–         Қадыр шығармаларынан үзінді келтіру арқылы тілдік тапсырмалар жинақтау.

Зерттеу нысаны.

 

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Қадыр шығармашылығы,баспа беттеріндегі  мақалалар,томдық жинақтары,Қадыр туралы ойлар зерттеу нысаны болды.

 

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

 

Қадыр Мырзалиев мұрасының зерттелу тарихына көз жібертсек,тамырын тереңге жайған сан салалы,сан қырлы,жан-жақты ақын екенін танимыз.Ұлы ақын мұрасын танып білуге өзінің төл туындылары – ақ жеткілікті үлес қосты.Өйткені,ұлы Абайды қайта оқысаң,тың мәліметке толығатының сияқты Қадырды да сан қырынан танып,таң қаласың.

 

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

 

Бұл жоба Қадыр Мырзалиев афоризмдерінің тәрбиелік маңызы жайлы алғаш жазылған еңбек болғандықтан,бұл зерттеудің жаңалығы болып табылады.Сондықтан зерттеу жұмысы Қадыртану саласына өзіндік ой-пікір қосады.Қадыр афоризмдерінің тәрбиелік маңызы өзбетінше дәлелденеді.

 

Зерттеудің болжамы.

 

–         Ақын шығармашылығы мен баспа беттеріндегі мақалалар негізінде қол жеткен шығармашылық жетістіктерін саралау;

–         Қадыр Мырзалиевтің еңбектерін ғылыми тұрғыда пайымдау;

–         Қадыр афоризмдерінің тәрбиелік маңызын тану;Қадыр Мырзалиев шығармашылығындағы философиялық пайымдауларының ғылыми негіздегі байланысын болжау.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы.

 

Ұсынылып отырған жұмыстың нәтиежелерін оқу орындарында,мектепте Қадыр шығармашылығын оқығанда,Қадыртану курстарында әдебиетке деген қызығушылығы бар талапкер жастарға пайдалануға болады.Оқушылардың реферат жұмыстары мен ғылыми жоба жазу барысында көмекші құрал бола алады.

 

Зерттеудің әдістемесі.

 

Зерттеу жұмысында мәліметтерді жинақтау,саралау,баяндау әдеби теориялық талдау әдістері қолданылады.

 

Жұмыстың құрылымы.

 

Ғылыми жоба кіріспеден,бірнеше тараудан және қорытындыдан тұрады.

Пайдалалынған әдебиеттер тізімі соңынан беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қадырдың тіршілік кредосы:

 

Достарымның достығынан кейде зиян көремін,

Қыздың қою бұрымындай тарқатыла беремін.

Қастарымның қастығынан кейде пайда көремін,

Қыл шылбырдай бір шыңғырмай ширатыла беремін,-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адамның қолынан келмейтін

ешнәрсе жоқ.

 

Гараций.

Өзің ойлан, өзің ізден, өзің шеш…

…өзіңе сен,

өзіңді сүйреп шығар…

Абай

 

Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған және менің нағашы жұртыма жақындығы да жоқ емес.Ең бастысы ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы.ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген.1958-1993 жылы «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі,жауапты хатшы болды. Қадыр Мырзалиев соңғы кездері проза саласына да өзіндік үлесін қосты.Философияға толы «Жазмыш», «Иірім» сынды шығармалары ерекше орын алмақ.Әдебиеттің сан қырлы саласына қалам сермеген жан-жақты ақынды шет елдері де кеңінен танып,оның еңбектерін өте жоғары бағалауда.

Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың.Бұл сөзіме күмәні  барлар балалар бақшасын кеш аттаған  балдырған бөбегінің тіл ашар тақпақтарынан тыңдасыншы.Сонда солардың аузындағы бала көкірегіне салмақтысы,оңай айтылып,қиынды ұқтырар ойнақысы,тал бойында бір мін жоқ көркемі мен жинақысы Қадыр қаламынан шыққан болып шығары даусыз.Оның қаламынан туған ертегілер мен балладалар,сюжетті өлеңдер мен пейзаждар,мысалдар мен мазақтамалар,жаңылтпаштар мен жұмбақтар,санамақтар мен диалогтар қазақ балалар әдебиетінің классикасына қосылып сәби оқушының рухани тәбетін ашып,ой-санасын оятар хрестоматиялық үлгілерге айналды.Ер жетіп келе жатқан ұлдары мен бой жетіп келе жатқан қыздары бар ағайын солар айтып жүрген әндері мен жаттап жүрген жырларына,сезім ұштар сырларына құлақ тосып көрсінші.Сонау ұлы Абайдан бермен қарайғы «құлақтан кіріп бойды алар» сиқыр сазды наз жырлардың ең саңлақтарының арасынан тағы да Қадыр қаламынан ен таққан сүлей туындыларды мол ұшырастырамыз.Қадыр шығармашылығының кереметтілігі сода,тіпті өз өлеңдері мен әндерінен қиналмай дайын концерттік бағдарлама, сахналық көрініс қоя алатыныңда.Әсіресе жастарды қойып,егделенген адамдардың

өзі  де қиялын қырық саққа жүгіртіп,қатпары мен қалтарысы көп,тіршіліктің небір шытырман,шырғалаңдары кес-кестеп,дағдара қалған сәттерде арғы бергіден ақылдасар сырлас іздеп,ұйтқыған сезімге басу тоқыраған көңілге демеу дәметіп,бағы Бұқар мен Махамбеттен бермен тартқан дуалы ауыздарға жүгінгенде алдымен көңілге оралып,қолға ілігетіндердің санаулы санатынан тағы да Қадыр табылады.Бұл бұл ма,ұзын кепті қысқа қайырып,төбеден түскендей төте айтылар уытты ой,даусыз пәтуа іздегенде ықылым заманнан ыждаһатпен жиналған нақыл сөздер, мақал-мәтелдермен жарысып,Қадырдан тұтқиыл тұжырымдары мен мүлтіксіз атар ақ мылтықтың оғындай дөп тіркестер тілдің ұшына өз-өзінен орала кететінін қайтерсіз…

Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап,әріпті көзілдіріксіз көрмейтін қарияға дейінгінің бәрі біледі,өзін білмесе де сөзін біледі.Сондықтан да мен үшін ,Қадыр ағамыз тәрбиенің басты көзі боларлық, Абай атамыздың ізін басарлық тұлға.Сол себепті мен оның шығармаларының ішінен кейбір философиялық пайымдаулары мен теориялық ұғымдарға тоқталған түйіндеріне,әсіресе нақыл сөздерінің тәрбиелік маңызына тоқталғым келді.Мен үшін Қадырдың ешкімге ұқсамайтын айрықша өз бітімі мен мінезі үлгі болды.Бұл ақындық бітімі мен мінезі,тұжырымы,адаммен сырласуы.Оның шығармасын оқығанда бетпе-бет жүздесіп,әңгімелесіп отырғандай әсер аламын.Мәселен,бір өлеңінде «биікке шықпағандардың биіктен құлай алмайтыны» оқыс айшықпен ойнақы кестеленіп көрсетілсе,бір өлеңінде «қателесем деп қорқудың өзі-қателік» екенін ұтымды жеткізгені маған өмірлік сабақ болды.

Александр Блок ақынның ақындығы-үндестік деп танып және осы ұғымды терең теориялық тұжырымға айналдырған.Ал үндестік,яғни гормония шебер суреткердің шындықты сырға,сырды жырға айналдыруы,өмірді өнерге,өнерді өмірге көшіруі деп түсіндірсе,сол секілді мен де өзімше Қадыр ағамыздың нақыл сөздерінің түйдек түйінділерін тақырыптарға бөле отырып,жеке тұлғаның дамуына тікелей тәрбиелік маңызының зор екендігін дәлелдегім келеді.Әрбір шындықты дөп басқан бүгінгі бала тәрбиесінде қажеттіліктен туындаған-адалдық,сенім,шыншылдық,достық,патриоттыққа тәрбиелеу,мейірімділік,таза еңбеккерлік(шынайы тер төге білу),тіл мәселесі,дін мәселесі,зиянды әрекеттерден аулақ болу мәселелері,суицидке жол бермеу мәселелерін осы нақыл сөздер мен философиялық көзқарастарынан,оның астарынан тани білуге шақырамын.Тіпті күнделікті әдебиет сабақтарында,тәрбие сағаттарында,танымдық бағытындағы әртүрлі шараларда,өмірлік қарбаласта ұтымды тәрбиелік ролі зор болмақ.Өйткені тауып айтқан сөздің тәлімі мол.

 

 

Проблеманың шешімін төмендегі модельден көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нақыл сөздердің маңызы
тақырыптары
Қорытынды пікір
-Өмірлік шындық

-Тәрбие мен тәлім

-Тәжірибе мен тұжырым

Тіл туралы
Ел туралы
Ақиқат туралы
Еңбек туралы
Адамгершілік туралы
Достық туралы
Байлық пен мансапқорлық туралы т.б
ХХІ ғасыр-саналы ұрпақ,құзіретті тұлға дамуының ілгерілеу кезеңі.Адамзат рухани азық арқылы рухтанып отыратын бұл шақта нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор.Сондықтан бұл нақыл сөздер жеке адамның тұлғалық қалыптасуына абыройлы тәлім-тәрбие береді.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқып  үйренбесең,  өнерге де,

даналыққа да қолың жетпейді.

Демократ

 

 

 

 

 

Қадырдың қолданған халықтық нақыл сөздер

 

1. Болар іс болды, бояуы сіңді.

 

2. Тамырына балта шапты.

 

3. Күнге күле қарасаң – көйлегіне жамау сұрайды.

 

4. Сонымен сол апаң байға тиіпті, некесін орыс қиыпты.

 

5. Жетім қозы – тас бауыр, түңілер де, отығар.

 

6. Ауру қалса да, әдет қалмайды.

 

7. Бір жылға қоян терісі де төзеді.

 

8. Кеткен бастықтың жақсысы жоқ, келген бастықтың жаманы жоқ!

 

9. Тау мен тасты су бұзар,адамзатты сөз бұзар.

 

10.Айдың бергі беті бар, арғы беті бар: бергі беті – жарық, арғы беті – қараңғы.

 

11. Бүлінген елден, бүлдіргі алма.

 

12. Аязби әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!

 

13. Сүйсінуіміз бір болғанмен түйсінуіміз әр қилы.

 

14. Суға кеткен, тал қармайды.

 

15. Жұт –  жеті ағайынды.

 

16. Айналдырған жау алмай қоймайды.

 

17. Өткен өмір – өшкен от.

 

18. Мың күн сынбай, бір күн сынар шөлмек.

 

19. Құдықтың сыртындағылардың бәрі ақылды.

 

20. Сыйға – сый,сыраға – бал.

21. Жақсы сөз – жан азығы.

22. Сабақты жіп сәтімен.

 

23. Айлас қатын – мұңдас.

 

24. Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

 

25. Төреде бауыр жоқ.

 

26. Қуырдақтың көкесін,түйе сойғанда көрерсің.

 

 

 

 

 

 

Қадырдың қанатты  сөздері

 

Қазақ болғаныңа өкінбе,

қазақ бола алмағаныңа өкін.

***

Әрбір қоғам мәңгүрттер дайындағысы келеді.

***

Әулиелік – қай кезде де әулиелік.

***

Әулиелік – адам баласы түсініп болмайтын қасиет.

***

Айтып келген ауру – алмай қоймайды.

***

Әр нәрсенің өз орны  бар.

***

Барлық саусақ бірдей емес

***

Табиғат  – бір жыр кітап.

Алпыс адам бір жақ, ақын кісі бір жақ.

***

Ісіңе сен кеш кіріссең,

Тындырмайсың ешбір іс сен.

***…Адам басқару керек. Арамдық басқармау керек. Ар басқаруы керек. Бірақ көбіне – көп олай болмай келеді. Адам пенде болмау керек, адам болу керек. Пенделер әр уақытта өз елін ойламайды, өзегін ойлайды.

***

Бәрімізде бір Сақтанбыз,

Сақ деген құрсақтанбыз.

***

Аула қақпасынан.

Отан отбасынан басталады.

***

Үйді қорғау есіктен,

Елді қорғау бесіктен.

***

Халық –қалың орман,

Әрі пана әрі қорған.

***

Өз тілің – бірлік үшін,

Өзге тіл – тірлік үшін.

***

Топтастыратын да –тіл,

От  бастыратын да – тіл.

***

Тіл – кейде қару,

Кейде – дару.

***

Көздің тимейтіні жоқ,

Сөздің имейтіні жоқ.

***

Кешегі сөзді кешір,

Таңғы сөзбен өшір.

***

Жылататын да –тіл,

Жұбататын да –тіл.

***

Шындық бетіңе ұрып тұрады,

Өтірік іші – бауырыңа кіріп тұрады.

***

Парсат пен еңбек,

Жеңбейтінді жеңбек.

***

Адам алдымен еңбектеп өседі,

Содан кейін еңбекпен өседі.

***

Сүйікті жұмыс,

Сүйікті жарың

Ұмыттырады бәрін.

***

Сұлуға сиқы қымбат,

Жалқауға ұйқы қымбат.

 

Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен

көксерлік  болса,  сонда  ғана  оның аты

Адам болады.

 

Абай

Қадырдың қанатты сөздерінің тақырыптары және тәрбиелік маңызы

 

Ең алдымен –ел қамы

 

Ел дегенде емірен,

Тіл дегенде тебірен.

 

***

Халқын сатқан пенденің барар жеріә-тозақ қана.

***

Алыптың кеудесі биік болу үшін

Халқтың рухы биік болуы керек.

***

Өзі үшін өмір сүрген адамның дәрмені жоқ,

Елі үшін өмір сүрген адамның арманы жоқ.

***

Ердің даңқын ел шығарады,

Жердің даңқын кен шығарады.

 

Тілден тыс даналық жоқ

Ұлттың тілі-ұлттың ділі.

***

Ұлыңның тілін кессең де,

Ұлттың тілін кесе алмайсын.

***

Ұлттың өшуі-тілдің өшуінен басталады.

***

Тілі шолақтың ойы шолақ.

***

Ана тілін тқадірлемейтін адам

Қай ұлтқк да перзент боп жарытпайды.

***

Ана тіліңнен айырғанша,

Аузыңдағы тілді кескен дұрыс.

 

Ақиқат-алдаспан

Ақиқат-алдаспан.

Алдаспенмен адаспа!

***

Өгіздей өтіріктен,

Шыбындай шындық артық.

 

 

***

Шындық нұрын шашып тұрады,

Өтіріктің құты қашып тұрады.

***

Алтынды тат баспайды,

Шындықты шаң баспайды.

***

Аспан аунап кетсе де,

Ақиқатты айт.

***

Шындық та – у,

Бірақ өлтірмейді,

Емдейді.

Еңбекқор арымайды,

Жалқау жарымайды.

Еңбексіз келген байлық-

Байлық емес-

Қайғы.

***

Еңбек-тәннің қуанышы,

Жанның жұбанышы.

***

Жұмыс біреулер үшін құр азап,

Біреулер үшін ләззат.

***

Ащы тер төкпей,

Тұщы тірлік болмайды.

***

Еңбексіз дегеніне жеткен тарлан жоқ,

Жұмыстан бақыт тапқан адамда арман жоқ.

Екі дос-екі анадан туған егіз

 

Досы бар адамды жалғыз деуге де,

Жарлы деуге де болмайды.

***

Жақсы дос жақсыда ғана болады.

***

Егер дүниеде кешірімді екі адам болса,

Оның бірі – анаң,бірі – досың.

***

Шын досы жоқ адам шындық естімей өтеді.

***

Ақылға да ес керек,

Данаға да дос керек.

 

Байлық түбі – шикі

 

Батпақ өткізбейді,

Байлық жеткізбейді.

***

Байлық әдетте арам адамға қонады,

Қала берсе,сараңға қонады.

***

Жомарттық байлардың ақылына сыймайды.

***

Ақша ақсақты билетеді,

Сақауды сөйлетеді.

***

Ақша алдымен иесін сатады.

***

Кедей байды жек көрсе де,

Байлықты жек көрмейді.

***

Адал байлықтың құрауы бар,

Арам байлықтың сұрауы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қадыр ұсынған тұжырымдар

 

1. «Көркем аударма – өте күрделі өнер»

2. «Әдебиет теориясында мадақтау деген жанр бар. Оны дифирамба дейді»

3.«Басқа жанрмен салыстырғанда естелік – эссенің өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Мысалы, прозада қандай образ жасағың келсе, сондай образ жасайсың. Кейіпкеріңе қандай мінез берем десең, сондай мінез бересің. Ал ол тек өз мінезіне лайық әрекет жасайды. Сенің мына кейіпкерің  ондай емес, мынандай. Сен оны бұрмалап суреттеп отырсаң да біреу саған жармаса алмайды. Өйткен ол – сенің қиялыңнан туған, сен сомдаған бейне… Естелікте мүлде басқаша. Сенің суреттеп отырған бейнең – көркем бейне ғана емес, өмірде болған, біреу білмесе, біреу білетін нақтылы адам, кейде тіпті тарихи тұлға. Керек десеңіз, Құдайдың өзі жаратқан Адам. Оны бұрмалап көрсетуге ешқандай қақың жоқ.»

4.Әдебиет пен өнердегі дау – мәңгі дау.

5.Көркем шығарма – анкета емес. Сондықтан онда жылдар орны сақталмайды. 98-бет

 

Қадыр сомдаған тұлғалар

«Көз көрген»

Қадырдың ақын жазушыларға берген бағалары:

1.«Сағи Жиенбаев – сөз сиқырын бойына сіңіре білген санаулы ақындарымыздың бірі. Көзі қырағы, қолы зергер автордың жырлары күнге қызынған құндыздың, аспанға лақтырылған айнаның сынығы сияқты сәулелі де шұғылалы, нұрлы да сырлы. Шағында болса, жалынды; аз да болса, назды. Ой менсезімге суарылған қылықты шумақтар ыстық алақанға қона қалған ақша қар тәрізді тіліңізге тиген бойда –ақ еріп жүре береді.» 186-бет

2. «Темірғали Нұртазин шын мәнінде әдебиетші, шын мәнінде ғалым адам болатын. Ол сол кездің өзінде бүкіл дүниежүзілік әдеби процесті, әсіресе кеңес әдебиетінде басталғалы тұрған жаңа бағытты жұрттан бұрын сезді.»

3. «Басқаса басқа, ең бастысы – Зейнолла Қабдоловқа сөз өнері қонудай – ақ қонған. Ағамыздың тауып айтқан  тіркестері, тамаша тұжырымдары бірден қанатты сөзге айналып жүре береді. Оның «Ғабитті мақтамау керек, Ғабитпен мақтану керек» деген сүбелі сөзі әдебиетшілер арасында ғана емес, жалпы мәдени ортада ауыздан түспейтін мағыналы мәтелге айналды.»

220-бет

4. «Ғабит мүсірепов жай дипломат емес, адамдар арасында жүріп жататын шахмат ойынының да шебері, композиция құрудың да виртуозы…» 38-бет

5.» «Хамит Ерғалиев мақұм ешкімге ұқсамайтын айрықша үлкен ақын. Шындап келгенде мың жылдық қазақ өлең – жырына жаңа леп, жаңа рең берген осы Хамит Ерғалиев. Ерекше екпінді, өзгеше өрнекті асқақ поэзияны өте қарапайым детальдармен, штрихтармен ауыстырып, өлең жолдарына кәдімгідей жан бітірген Хамит Ерғалиевті реформатор ақын деп бағалауға болады.» 64-бет

6. «Жұбан Молдағалиевтың ішкі – сыртқы дүниесі, бүкіл он екі мүшесі оннан – мұннан құрастырмай, тұтас бір материалдан қашап жасалған монумент іспеттес еді .Және тұла бойы тұрған күш – қуат.» 76-бет

7. «Олжас Сүлейменов –елдің азаматы.Олжас жай ақын емес, психолог ақын. Ол орыс оқырмандарына не керек екенін өте жақсы білді.»

8. «Әбділдә Тәжібаев – ақын ретінде де, азамат ретінде де, негізінен отызыншы жылдары қалыптасқан. Әзіл – қалжыңды өте жақсы көретін. Ол – көңіл қоңырау сияқты.» 107-бет

9.     «Бердібек Соқпақбаев жайдары адам болатын. Бір ғажабы – жазуы жазуға ұқсамайтын. Барып тұрған электрокардиограмма! Ирек – ирек болып келеді де, шошаң етіп жоғары шығады немесе күрт төмен түседі. Басқалар түгілі кейде өзі де түсінбейді.» 156-бет

 

Қадырдың философиялық тұжырымдары

«Жазмыш»  кітабынан:

Жақсы өлім және соңғы сөз. 162 –бет

 

«Біз әдетте ажал дейміз, Өлім дейміз. Кейде сөздерді синоним сөздер, мағыналас сөздер, баламалас сөздер деп түсінеміз. Рас, олар өте жақын, өте туыс, сөйте тұра бірін бірі жүз пайыз алмастыра алмайды… «Ажалынан бұрын өліпті»,- деген тіркес бар. Сонда бұл «өлімнен бұрын өліпті»- деген сөз бе? Оны қалай түсінуге болады. Дені сау адам солай айтар ма еді? Меніңше, айтпайды. Айтпайтынында бір мән бар. Үлкен мән бар. Ажал ол маңдайға жазылған өлім. Құдай берген өлім. Алдын – ала шешіліп қойған өлім. Сөйте тұра кейбіреулер кесімді күнінен бұрын кездейсоқ өледі. Яки қаза болады. Өз өлімімен өлгендерді қаза болды демейді. Ажалынан бұрын өлді деген осы. Адамның өлім таңдар мүмкіндігі жоқ. Сөйте тұра, не болса да өз ажалынан өлгісі келеді»

205-бет

«Ғабең, Ғабит Мүсірепов, біремес, қазақстан Жазушылар Одағын екі рет басқарды. Екінші басқаруында, Жазушылар Одағында поэзия секциясының кеңесшісі болып мен де  істедім… Күн  сайын басқа костюм киіп, күн сайын басқа галстук тағып шығатын… Сол арқылы қай күн екенін ажыратуға болатын.»

140-бет. «Былай қарағанда өлімнің бәрі бір емес пе?! Оның жақсысы не, жаманы не? Әдемісі не, әдемі емесі не? Өлетін адам өлді. Өлген адамға одан келіп кетер пайда қандай? Бұл ойдан, бұл сезімнен ұзап кеткелі қашан. Енді біз өміріміз әдемі болмаса да, өліміміз әдемі болса екен деп ойлаймыз. Ал ең әдемі өлім абыройлы өлім.»

138-бет «Қайткенде де, меніңше бір нәрсенің басы ашық: ешкім өмірге өзін – өзі өлтіру үшін келмейді. Қандай қиындық болса да, өмір сүруге келеді. Кісі өлтірудің жолы көп. Өзін – өзі өлтіру де – кісі өлтіру. Айырмашылығы – соңғысында адамды басқа біреудің қолымен өлтірмейді, өз қолымен өлтіреді. Мұндай қазаның артында заман, қоғам…тұрады.»

Қадырдың өздерін – өздері өлтіргісі келген ақын – жазушылар өміріне сүзіп алған психологиялық қажу, сырласу, мұңдасу хаттарынан үзінділер

 

111-бет «Кейде мен көңілімді айықпайтын қара мұң басады. Сол кезде мен суға кетіп өлгім келеді…» Некрасов (Тургеневке жазған хаттарында)

«Асылып өлу әйтпесе суға кету – ең қолайлы ем сияқты көрінеді маған.» Николай Гоголь(Плетневке жазған хаты)

«Тірлігім тірлік емес, өзімді сондай жаман сезінемін. Ертемен тұра салып, атылып өлгенім жақсы шығар деп ойлаймын.» Салтыков – Щедрин (Пантелеевке жазған хаты.)

«Кешкісін оңаша қалған кезде асылып өлем бе деп қорқам. Арқанды тығып жүрем атылып өлем бе деген қауіптен мылтық алып, аңға шығуды да қойғам» Л.Н.Толстой (күнделігінен)

 

 

Ғасыр індетінің өміршеңдігін дөп басқан Қадыр пайымдары

 

«Ішімдік шіркіннің бір ғаламаты – жер таңдамайды. Бір елде ол – миуа – жемістің шырынынан жасалса, бір елде арпадан, бір елде – күріштен, бір елде –жылқының сүтінен жасалады. Қай халықтың болса да басын айналдырған арақ пен шарап бүкіл адамзаттың ортақ «сусынына» айналған. Ол тіпті күн қақтаған құмды шөлді шарлап, ит тұмсығы өтпейтін қалың нулардың ішіне терең бойлап кіріп кеткен.»

64-бет «Біздер қызықпыз: әкелетін өмір де ,әкететін өлім деп ойлаймыз. Жоқ, меніңше, өлім – өмірдің өзі! Адамды ауыртатын да, өлтіретін де сол өмір! Ол тек құжаттарға ғана Өлім деп қол қояды.Өмірден қорық! Тіршілікке тереңірек үңілсеңіз, менің осы  сөзімнің растығына біраз көзіңіз жетеді.»

 

 

«Жазмыш» – философиялық ұғым, категория …

 

Көне, өте көне замандардың бірінде өз ортасына әбден белгілі бір философтың басына бүркіттің шеңгелінен шетінеп шыққан дәу тасбақа түсіп, сеспей қатқан екен. Ол тасбақа бүркіттің  шымыр шеңгелінен  шынын да босап кетті ме, әлде бүркіттің өзі тастап жіберді ме, әлде құдірет түртті ме? Кездейсоқ шығып кетсе, неге дәл осы жерде, философ  кетіп бара жатқан тұста шығып кетеді?…

Жазмыш. Таза жазмыш. Ешқандай логика жоқ.

 

 

 

 

 

Қадырдың әулиелік пен көріпкелдікке тоқталуы

 

«Мәшүр Жүсіп Көпеев –ақын, ауыз әдебиетін жинауда зор еңбек еткен оқымысты, әдебиетші. Оны қазақтар, әсіресе, арқалық ағайындар белгілі дәрежеде әулие тұтады. Тұтса тұтқандай да. Көзінің тірісінде туған – туысқандарын, жақын – жұрттарын жинап алып, өзіне ас берген бірден – бір қазақ, меніңше осы, Мәшүр Жүсіп Көпеев. Жасарын жасап, асарын асап тірлік дәмін біраз таттым ғой дегендей ақын атамыз жетпіс екіге келген соң көктемнің көрікті бір күндерінде елдің басын қосып, сонда өзі сөйлейді. Тоқсан ауыз  сөздің тобықтай түйіні мынау: «Уа, халайық, мен бүгінде жетпістің екеуіндемін, қазір мен балталаса да өлмеймін. Ал келер жылы пайғамбардың өзі арнайы келіп қолқаласа да тірі қала алмаймын! Бұл менің асым. Амандық болса, бір жыл өткен соң дүние саламын!»-дейді. Жұрт не дерін білмей, тарап кетеді. Сонымен жазда Мәшүр Жүсіп  жарықтық кесенесін тұрғызады. Асты –  кең көр, өзінің о дүниелік орны. Екінші қабатында, едені тақтайланған әп  әдемі бөлмеде жалған дүниеге лайық жиһаз – мүлік,  кітапханасын да сонда көшіріп әкелген.

Бір жылың да өтеді. Кешегі асына шақырылған ағайындарға Мәшүр Жүсіп қайтыс болды деген хабар да жетеді. Ел – жұрты жиналып, арулап көмеді. Көміп қана қоймайды, өзінің айтып кеткен ақыл – кеңестері бойынша бальзамдайды.

Кейін бұл жер кішкене Меккеге айналады. Жұрт сонда келіп құран оқиды, мінәжат қылады, жаратқаннан перзент тілейді. Әсіресе ауру – сырқаулар, мүгедектер үлкен сеніммен барады. Ал Кеңес Өкіметі ондай оғаш әрекетті ұната қоймайтын…

Шыдамы таусылған облыстық партия комитетінің бір хатшысы аудандық партия комитетінің бір басшысына телефон соғып, Мәшүр Жүсіптің кесенесін құрту жөнінінде нұсқау береді. Аудан басшысы бұл шаруаны милицияға тапсырады. Бірақ бұйрықты беру бар да орындату бар ғой. Ал орындау әрқашан да қиындау. Қарапайым халық әулие тұтқан аруағына қол көтеруші ме еді?! Көтермейді» Қазақ атаулы ат – тондарын алып қашады. Амалдары таусылған  милиция жергілікті жұртттың тарихымен, әдеп –ғұрпымен мүлдем таныс емес бір келімсек тракторшыға ақшасы мен арағын қоса беріп өтініш жасайды. Басы ауырғанда Мәскеуді өртеп жіберуге дайын жүретін ағайын бірден көне кетеді. Ағаштан  қиып тұрғызған шағын кесене трактордың тегеурінін қайдан көтерсін, қисайып барып құлайды. Жұрттың айтуы бойынша, содан кейін әлгі тәуекелшіл тракторшы жынданып ауырады. Оған тапсырыс берген милиция бастығының аузы қисайып кетеді».

 

 

 

 

 

 

Қадыр шығармалары негізіндегі тілдік-лексикалық тапсырмалар

 

№1 тапсырма: Төл сөзді төлеу сөзге айналдырыңыз.

…Екінші қабатта Сәбеңмен жолыға кеттім. Сәлем бердім.

–         Сен осы қай баласың? – деді Сәбең маған жылы жүзбен.

–         Қадыр Мырзалиев деген балаңызбын!-дедім.

–         Е, Қадыр Мырзалиев деген ақын сен бе едің? -деді ол.- Мен сені сыртыңнан жақсы білемін. Қазақ балалар бақшасына баратын немерем сенің өлеңдеріңді жатқа біледі. «Сөзін жазған Қадыр Мырзалиев» дейді тақылдап. Өлеңдеріңді ғана емес, сын мақалаларыңды да үзбей оқып тұрамын. Сен өзің, байқаймын, Высокий штильмен жазады екенсің. Мысалы, Ілияс Омаровтың кітабы туралы жазған  «Еркін серпінің» сондай! –деді ол.Үлкендердің аузынан мұндай жылы сөз естіп көрмеген сорлы басым сасып қалсам керек. – Сен неге үндемейсің? Менің «стиль» демей «штиль» дегеніме таң қалып тұрсың ба? Таң қалма! Ломоносов заманында көбіне –көп «штиль» деп жазған.

№2 тапсырма: Қаратпа сөз орындарын тап:

– Ағай, мен екінші боп келдім.

– Неден?

– Жаяу жарыстан.

– Неше бала жарысып едіңдер?

– Болат екеуіміз ғана!

***

–         Жақан! Ә, Жақан! Ағаңның жасы сенен үлкен бе еді, кіші ме еді осы?

–         ***

–         Қойбағаров, кәне, сен айтшы, алтыны беске көбейткенде қанша болады?

–         Отыз.

–         Дұрыс – ақ! Ал бесті алтыға көбейткенде қанша болады деп ойлайсың?

–         Онысын білмедім, ағай!

№3 тапсырма: Жұмбақтың шешуін тап.

1.Жоқ өзінде бас та,

Қас та,

Мойын да.

Ұзындығы жазылып тұр бойында.(Сызғыш)

2.Мың  найзалы жалғыз батыр

Жауларына алғызбай тұр.(Кірпі)

3.Көліксіз өмір сүрмейді

Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ет – тоқым)

4.Бір бөлмеде көп тентек,

Әр қайсысы отпен тең.

Жатпайды олар сіз – біз деп,

Шыға келер шыж – быж деп(Сіріңке)

5.Апам үшін қам жеген!

Тозаң жұтып, шаң жеген.

Жатыр үйде айдаһар,

Ондай мешкей қайда бар? (шаңсорғыш)

6.Алдына бір нәрсе әкеп берсе, тегі,

Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді.(Айна)

7.Дос үйіне түстің бе?

Түгел соның үстінде.(Дастархан)

8.Қайнаған шілде де оған суық,

Ыссыға төзбегенді тығам қуып. (Тоңазытқыш)

9.Жалпақ желке,сопақ бетті,

Орманды отап кетті (Балта)

10.Екі езуі құлағына жетеді,

Тамақ жесе, ызың – ызың етеді.(Ара)

№4 тапсырма: Жаңылтпаштардан аллитерация мен ассонансты табындар.

1.Үш кіші ішік піштім,

Бос кіші ішік піштім,-

Неше кіші ішік піштім?!

2.Жоғалды бес шыбын,

Жоқ әлі еш сыбыс

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

3.Көрмеген үш қыс

Көкеңді ұшқыш

Құшақтап, қыс, құш,

Құш, қыс!

4.Шемекі шақсаң, шақ,

Шапшаң шақ.

Шөбіңді шапсаң шап,

Шапшаң шап.

5.Шөжем деп шешесі бәйек,

Шешем деп шөжесі бәйек.

Шешесі шөжем жесін дейді,

Шөжесі шешем жесін дейді.

6.Көш

Кеш келді.

Бес

Ешкі өлді.

7.Тұмақ киіп қасқа басқа

Міндім мен басқа қасқа.

8.Тостақан іші кіші,

Тіс қаққан күшік ішіп

Бос уақта тісі қышып,

Ойнайды іші пысып.

№5 тапсырма: Мәтіндегі тыныс белгілерді толықтырыңыз.

Ең жақсы білетін және жақсы көретін пәндерімнен «төрттен» артық баға ала алмағаннан соң оқудан күдер үзе бастадым. Тіптен шалғай, тіптен түкпірде туып алыс ауылда өскен біздер үшін орыс тілі мүлде бейтаныс мүлдем жұмбақ тіл болатын. Білмейтін тіліңді білетін тілде түсіндірсе бірсәрі ғой. Білмейтін тілді білмейтін тілде оқып, дәлірек айтсақ, оқытып, әбден сорымызды қайнатқан ды. Енді міне соның зардабын тартатын болдым. Соны ойласам, төбе шашым тік тұрады. Егер қойып жатса, бұл жолы «үштің» өзіне ырзамын! Ал «екі» қойып жатса, ренжи алмаймын. Менің орысшам «үш» емес, «екіге» лайық! О Жасаған жар бола гөр! Осындай үреймен, осындай көңіл-күймен жүріп орыс тілі диктантын «төртке» жаздым. Ал ауызшаның жөні бір бөлек! Мен онда білмейтін тілде сайрап, білмейтін тілде жауап беруім керек. Он минутқа жетпейтін орыс тіліммен қалай емтихан тапсырам. Бірақ қалай қайырғанмен, қалай қақсағанмен, қалай жылағанмен бәрібір тапсыруға тиіспін. Тәуекел деп кірдім де кеттім емтиханға.

Емтихан алушылардың саны көп емес. Бір-екі-ақ адам. Оның да біреуі кіріп –шығып жүреді. Отырмайды. Біреуі тапжылмайды. Екі көзі билет алған талапкерлерде. Басқаларға қандай сұрақ келгенін білмеймін, ал маған ақылға қонбайтын қырсық сұрақтар бұйырыпты. «Горький и мировая литература!» Мемлекеттік емтихан болса бірсәрі! Мектептен жаңа шыққан сары ауыз балапанға осындай сұрақ қоя ма екен?!

Орысша білмесем де қазақшаға аударылған кітаптар арқылы орыс жазушыларын, тіпті шетел жазушыларын да тәп-тәуір білетінмін. Көркем әдебиеттің өзін ғана емес, «Әдебиет және искусство» журналы арқылы әдеби талдауларды оқитынмын. Осының бәрін былықтырып айтып шықтым. Емтихан алушы әйел біресе оңға, біресе солға бұрылды. Біресе жоғары қарады, біресе төмен қарады. Орыс тілінің омыртқасын біраз мүжідім –ау деймін. Мұғалімнің екі беті қып –қызыл боп алаулап кетті. Бір мезгілдерде ғана барып есін жиды ау деймін, ақырын ғана

– сіздің орысшаңыз кешірерсіз мүлдем кәдеге аспайды. Мүлдем! Бірақ ақылға сыймайтын бір нәрсе-сіз тақырыбыңызды әбден жақсы білесіз. Бұл тақырыпты талапкерлер түгіл студент, студент түгіл аспирант, тіпті кейбір ұстаздардың өзі біле бермейді. Мұндай сұрақтың емтихан билетіне қалай кіріп кеткеніне таңым бар деп біраз отырды. Не істерін білмеді ғой деймін, алдындағы ақ қағазды шыжбайлап сыза берді, сыза берді. – Әйтсе де, – деді содан кейін сөзін жалғап: – орысша нашар сөйлегеніңізге қарамай қиын сұрақтың өзіне тәп-тәуір жауап бердіңіз! Байқаймын, қайнаған қалың қазақ ортасынан келген оқушысыз ғой. Тілді әлі ақ үйреніп кетесіз… Құдай қаласа сізден түбінде жақсы әдебиетші шығады. Шығуға тиіс! Мен сіздің болашағыңызға сенем! Сондықтан «бес» қоям! деді. Мен, әрине өз құлағыма өзім сенбедім. Қуанғаннан жүрегім жарылып кете жаздады. «С-с-с» дей беріппін. Спасибо! дегім келген болуы керек.

Оқып  үйренбесең,  өнерге де,

даналыққа да қолың жетпейді.

Демократ

 

 

 

Абстракт.

 

Зерттеу жұмысының мақсаты:Ғылыми жұмыстың мақсаты –  Қ.Мырзалиевтің   шығармашылығын зерттеу.  Қ.Мырзалиев   шығармашылығындағы  нақыл сөздердің сырын ашу.

Гипотеза:  Қ.Мырзалиев шығармашылығындағы  нақыл сөздердің сырын түсінсем дейтін оқушыларға толық мағұлмат бере алады. Олар Қадыр Мырзалиев шығармашылығы арқылы    нақыл сөздерінің тәрбиелік   сырын жетік білетін болса, өзінің туған халқына, тарихына, әдебиеті және тіліне деген сезімі оянары сөзсіз.

 

Зерттеу кезеңдері:

 

Зерттеу жұмыстары 3 жылға арналған.

1.            Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеті айқындалып, мәтінмен

2.            жұмыс жүргізілді.

3.            Картотекалар жинау, ғылыми материалдармен жұмыс.

4.            Кітапханадағы құнды материалдарды жинақтау, саралау.

5.            Зерттеу жұмысы жинақталып, қорытынды жұмыс жүргізілді.

6.                        Аудандық ғылыми- тәжірибиелік  сайыста  жоба қорғалды.

 

 

Зерттеу әдістемелері:

 

Зерттеуде баяндау, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау

әдістері басшылыққа алынды.

 

Зерттеудің жаңашылдығы мен нәтижелері:

1.                Республикамызға танымал ақын  Қадыр Мырзалиевтің

шығармашылығы ғылыми тұрғыдан зерттеліп, мәліметтер

түзілді.

2.                Қаламгердің туындыларындағы    нақыл сөздердің тәрбиелік

маңызы зор  екені анықталып, оларға сипаттама берілді.

3.                Қадыр Мырзалиевтің әдеби тұлғаларды сомдаудағы

жазушылық шеберлігі ашылды.

 

Оқулық – оқушының өз бетімен

жұмыс жасауының құралы.

 

К.Д.Ушинский

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.                       Мырза Әли Қ. «Балалар әдебиеті» баспасы,2006 ж

2.                       Мырза Әли Қ. «Иірім» 2004 ж, «Ата мұра» баспасы.

3.                       Мырза Әли Қ. «Сөз сиқыры» 2005 ж, «Қазығұрт» баспасы,1-2-кітаптар.

4.                       Мырза Әли Қ. «Домбыра» жинағы.

5.                       Мырза Әли Қ. «Жазмыш» 2005 ж, «Қазығұрт» баспасы.

6.                       Мырза Әли Қ,11-том,Алматы: «Қазығұрт» баспасы,2001 ж

7.                       «Жайық ұстазы» газеті,2005-2010 жылдар аралығы.

8.                       «Орал өңірі» газеті 2005-2010 жылдар аралығы.

9.                       Мырза Әли Қ. томдық шығармалар жинағы.

10.                   «Егемен Қазақстан» газеті 2005-2010 жылдар аралығы.

11.                   «Бөрлі жаршысы» газеті, 2005-2010 жылдар аралығы.

12.                   «Қазақ әдебиеті» газеті, 2005-2010 жылдар аралығы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.