Жас дарын

Нурмуханова Назерке, Қазтай Оңдасын, Бекмухамедова Джамиля

Лисаков қаласы №3 орта мектебі 3 сынып оқушылары

Акишова Шарбану Балгабаевна  Лисаков қаласы №3 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Табиғат  –  менің өз үйім

Таразы басында екі қымбат нәрсе бірі табиғат, бірі адам. Бірі жеңіл тартса таразы аударылады, демек адам мен табиғат егіз ұғым.

Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүре алмайды. Өйткені адам баласы табиғатта тіршілік етеді. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен мәселе болып отыр. Барлық дүние жүзінде қорғау шаралары қарастырылуда. Табиғат бiзден үлкен көмек күтуде.

Табиғаттың зардаптарын болдырмау үшін және  табиғатты қорғау үшін мен не істеуім керек? Міне, осы сұрағыма жауап тапқан сияқтымын.  Күнделікті өмірде  автокөліктерден шыққан улы газ, өнеркәсіптік құбырлардан шыққан химиялық улы қалдықтардан табиғатты  қорғауға менің шамам келмес. Ал, өзім шомылатын  Тобыл өзеніне қоқыс тастамасам, басқаларға тастатпасам бұл менің суды қорғағаным. Көктемде құстар келіп жатқан сәтте бұзақы балалар рогаткамен құсты атып жатуы жиі кездеседі. Осындай сәтте мен оған жол бермесем, міне бұл менің өз үлесімді қосқаным емес пе? Өйткені  құстар аз болғандықтан “Қызыл кітапқа” кіргізіліп жатыр. Өз үйімнің ауласынан бастап, көшеде өсіп тұрған гүлдерді таптатпау менің қолымнан келеді. Сондықтан  әрдайым гүлдерге қамқор болып жүремін. Мен “Қызыл кітапты” дүниетану пәнінен білемін. Оған азайып бара жатқан аң – құстар, өсімдіктер енеді екен. Ендеше, мен қорғап жүрген құстардың сол құстардың бірі болуы әбден мүмкін. Олай болса, табиғатты қорғауға өз әлімше үлес қосқаным, табиғатты қорғау деп білемін. Өйткені Жер – ана табиғат менің өз үйім. Менің отбасым табиғатқа қамқор болса, қоғамның табиғатқа тазалығы артады, қоғам таза болса, мемлекетіміз гүлдене түсетіні анық. Менің мерейлі мақсатым, табиғатқа араша түсу, қорғау демекпін.

Ауыр сөмкенің денсаулыққа зияны

 

Әр оқу жылының басында оқушылар ата-аналарымен бірге мектепке арналған сөмке таңдауға дүкендер мен базарларға барып алатыны  өмір шындығы. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл қуанышты да, маңызды іс. Сөмке бұл қажетті де, маңызды оқу құралдарының бірі болып табылады.

Жаңа  оқу жылын  бастағанда  мектеп  оқушылары   ата-анасының   жаңа  сөмке алып беруін   күтеді. Олар оны таза дәптерлерімен, қалам, қарындаштарымен  толтыруға   асығады.Бастапқыда   олар  жаңа сөмкені  мұқият, тиянақты   пайдаланады.Уақыт өте келе ол сөмке қарапайым сөмкеге айналады. Тіпті,   сыныптастарым   ол сөмкенің  атауында білмейді.  Сөйтсем, жалпы, мектеп оқушыларының іші толы «қоржындарының» ауырлығы мен шамадан тыс заттарды тасуы денсаулыққа кері әсерін тигізбей қоймайды екен.  Қан қысымын көтереді екен. Тіпті, әлі қатая қоймаған сөмке кеуде сүйектеріміздің  қисаюына әкеп соғады екен. Ол аз болса, мұның салдары мидың қалыпты жұмысына кері әсерін  де тигізетінін білдім. т.б артық заттар салатынымыз рас.Яғни, ауырлық зиян екен.

Сөмке бұл қажетті де, маңызды оқу құралдарының бірі болып табылады. Оның әдемі де, ыңғайлы болуын барлығымыз қалаймыз ғой. Оқу жылының басында біз үзіліс кезінде құрбыларымыздың сөмкелерін қарастырып, қызықтаймыз. Өзіміздікімен мақтанамыз. Барлығымыздың сөмкелеріміз әр-түрлі. Түстері де, формалары да, суреттері де. Яғни, ауырлық зиян екен.Кейде сөмкемізге шырын, т.б артық заттар салатынымыз рас. Сөйтіп сөмкеміз ауырлай түседі.Біз ауыр зат көтеруден арылғымыз келеді. Ендеше, оқулықты кестеге сай салып, артық затты салмайық.Сонда сөмкеміз жеңілдеу болатыны анық

Менің туған жерім- егеменді Қазақстан

Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, көптеген жануарлар да кездеседі. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.Қазақстан жері шырайлы, шөбі шүйгін өлкесімен әрқашан  мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау – ол әрбір азаматтың басты міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын, өйткені халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Себебі  Отан біз үшін оттан да ыстық. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Сүйемін мен жерімнің,
Топырағын, тасын да.
Сүйемін думанды елімнің,
Кәрісін және жасын да, – деп М. Мақатаев атамыз да біраз өлеңдерін жырлаған.  Мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан – менің атамекенім. Атамекен деген – туған тіл, ата салт- дәстүр, елінің тарихы, байлығы, мектебі, үйі  бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес!

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.