“Рухани жаңғыру-ел тірегі” , “Химия – сүйікті пәнім”, “Мамандығым – жүрек қалауым”

Жұмаш Айнұр Ерболқызы

Қостанай облысы Айсары ауылы “Айсары орта мектебі”ММ  11-сынып оқушысы

 

Химия – сүйікті пәнім

Химия – қиында қызықты пән. Оның қиындығы бастауышта 42 әріпті жаттасақ, химияда 110 элементті жаттаймыз, реакция теңдеулерін жазып үйренеміз. Ал қызықтысы әр түрлі тәжірибе жасаймыз. Химия осыған дейін өздерің оқып үйренген географиябиологияфизика сияқты жаратылыстану ғылымдарының бірі. Мұнан баска химия ғылымы геология, экология, т. б. ғылымдармен терең астасып жатады. Ғылым салаларының бұлай байланысып жатуы дүниенің біртұтастығынан, оны оқып білуге әр жағынан келуге болатындығын көрсетеді.

Химия ғылымының энергетикалық, экономиялық, экологиялық, ауыл шаруашылык, медициналық және тағам өндірісіндегі мәселелерді шешудегі маңызы да орасан зор.Химия – заттар және олардың өзгерістері туралы ғылым. Заттар дегеніміз денелердің құраушылары, мысалы, күнделікті өмірде шыныдан, пластмассадан және металдан жасалған құйғыштар пайдаланылады (су, сүт, бензинқұйғанда). Бір дене әр түрлі заттан жасалған. Физикалық денелер – бізді коршаған бұйымдар. Денелердің массасы мен көлемдері болады.Ағаштан орындық үстел, төсек, т.б. үй жиһаздары жасалады. Бұл мысалда бір заттан әр түрлі денелер дайындалатынын көреміз. Заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын көрсететін белгілері олардың қасиеттері деп аталады. Оларға заттың агрегаттық күйі, түрі, түсі, тығыздығы, балқу және қайнау температуралары, жылу және электрөткізгіштктері, ерігіштіктері жатады.          Мысалы,шыныдан, пластмассадан жасалған шөлмектер алып, оларды ұрып көрсек, шыны шөлмек оңай сынатынын, ал қыздырғанда пластмасса шөлмек оңай балқып, олардың пішіндерінің өзгеретінін байқаймыз. Мұндай өзгерістер физикалық құбылыстар деп аталады. Заттардың қасиеттерін жете білу оларды саналы түрде колдана алуға мүмкіндік береді. «Білмеген у ішеді» деген мақалда халықтың көп жылғы бақылауынан түйген даналық ой айтылған. Шынында да қасиетін білмей тұрып кез келген затты иіскеп, колға алып уқалап немесе дәмін татып көруге болмайды: себебі күйіп, тіпті уланып қалу қаупі бар. Міне, мен үшін бұл пәннің  маңызы өте зор.

 

Мен таңдаған мамандық

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Медицина саласы бірнеше бағытқа бөлінеді:«Жедел жәрдем» мамандары тәуліктің кез келген мезетінде, кез келген қашықтықтағы науқасқа бастапқы диагнозды қойып, алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, ауруханаға жеткізеді. Шұғыл ота жасап, науқас өмірін аман алып қалу керек болғанда, дамыл таппай, күн-түн демей, жұмыс істейтін сәттер көп болады.

Дәріханаға ауырып, өз бетімен келетін жандар көп. Соларға керекті дәрілерді алуға кеңес береді. Сондай-ақ дәріхананы алуан түрлі дәрі мен құралдармен жабдықтайды. Бірнеше дәріні қосып, рецепт бойынша дәрілер әзірлейді. Медициналық оқу орнына түскен студент адам өмірі үшін күресуге Гиппократ антын береді. Дегенмен кейде дәрігерлер қызметіне наразы жандар кездесіп жатады. Міне, осы орайда халықтың көңілінен шығамын деген ойдамын.

Дәрігер мамандығы – аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіңе деген сүйіспеншілікті қажет ететін ұлы мамандық. Дәрігер – адам жанының зерттеушісі, бағдаршамы, қорғаны екен. Бұл мамандықтың өзіне тән қызығы мен ауыр тұстары бар. Мен дәрігер болғанда,  жанына шипа іздеп, бірінші Алладан, екінші ақ халатты абзал жандардан көмек іздеп келген адамға аса мейірімділікпен қарап, емделуіне ашық қадам жасап, өміріне сенім беріп қатарға қоссақ, жеткен жетістігіміз сол болады. Мен дәл осы мамандықты таңдадым. Мынадай өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Шипагер, қамқор менің дәрігерім,
Адам үшін аянбай төккен терін.
Еңбегі зор, аялы батыр жандар!-деп ақындар жырға қосқандай, дәрігер – адам жанының арашашысы.

 

Рухани жаңғыру-ел тірегі

Туған жер! Отан! Қазақстан! Осы сөздерде қаншама мағына жатыр десеңізші! Осы орайда рухани жаңғыру аясындағы “Туған жер” бағдарламасы  бізге де тікелей тиесілі деген ойдамын. Қазіргі таңда, заман талабына сай бәсекеге қабілеттілік туралы жиі айтатын болдық. Бұл ұғымды жиі пайдаланатынымыз сонша кейде әмбебабтық сипат та беріп жатамыз.   Мен тіл туралы толғасам Мағжан ақынның шығармашылығын пір тұтамын. Мағжан Жұмабаев – халқымыздың маңдайына біткен біртуар ақыны әрі ұлт мақтанышы.Мағжанның туған халқына қызмет етуі өз замандастары сияқты ағартушылық саладан бастау алды. Ал ақынның әдебиет әлеміне белсенді араласуы оның қоғамдық, әлеуметтік, дүниетанымдық көзқарасының ерекше болмысын танытты. Сөйтіп, өзі өмір сүрген уақыттағы әдеби ағымға өзгерістер мен жаңалықтар алып келді. Ол қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының сөз өнеріне айтулы үлес қосып, қалам-қуатының ерекше екпінін байқатты. Мағжан көтерген әлеуметтік, қоғамдық, елдік, ұлттық мәселелер ақын жүрегін толғантты, заманның ауыр жүгін өзге де қаламдас-әріптестерімен бірге лайықты көтере білді. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтсақ, артынан әдеби мектеп қалыптастырып, халқының зор сүйіспеншілігіне ие болған, ұлт мархабатына бөленген тұлға.

Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар ролі өте маңызды. Жер бетіндегі адамға баласына қатысты дүниенің негізі кілті тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер танысып ұғысады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдың ішінде зор табыстарға жетті. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп танылды, шетел тілдері оның қасында екінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет атқаратын болды. Ұлттық сана мен мемлекеттік тілді бірінен-бірін ажыратып жатудың қажеті шамалы, бұл ұғымдар қажетті жағдайла бірдей де қолданыла береді. Себебі, бұл турасында Президент Н. Назарбаев: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп жазды «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа бағдарламалық мақаласында. Ұлттық жаңғыру дегеніміз не? Жаңа ғасырдағы қазақтың келбет, бітім-болмысы қандай болу керек? Біз санамыздың қалай таза, ашық қалпында ұстай аламыз? Болашаққа бару үшін бізге не керек? Мемлекеттік тілдің келешектегі ролі қандай болады?

Елбасы өз мақаласында осы және өзге де өзекті ойларға жауап іздейді. «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді, – деп жазады Президент. – Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр». Әлемдік өркениет көшінде әрбір ұлт өзінің барлық құндылықтарын, әсіресе тіл деген ұлы байлығын шама келгенше қорғап, сақтап жолында. Ұлттық сананың қалыптасу жолында, өткен тарих көшіндегі өнеге-ғибраттарды сақтау арқылы біз қазіргі аласапыран заманда ұлттық тілімізді қорғай аламыз. Өйткені жұлымыр уақыт, аласұрған кеңістік пен жаһанданған құбылыстардың қауіп-қатері барған сайын күшейіп отырғанына көз жетеді.

Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті. Тілді сөйлеу арқылы санамыздың бір түкпірінде жатқан өткен тарихқа деген көзқарасымызды түзейміз, келешекке деген сеніміміз ұлғаяды. Әлемдік өркениеттер тарихында өзгеше салтанат құрған кешегі көшпелілер дәуірінің ендігі кезеңдегі даму қарқыны да сол байырғыдан келе жатқан көне білдерін сақтауымен тікелей байланысты.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.