«Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы »

Бухаева Жадра Канатқызы
преподаватель физики Алматинский колледж сервисного обслуживания

Мазмұны

1.      Негізгі кезеңдері

2.      Адрестік категория

3.      Сабақтың жоспары

I.                  Сабаққа дейін

1.1.Мақсаттық аудитория;

1.2.Сабақтың мақсаттары;

1.3.Сабақтың типі, түрі және әдісі;

1.4.Алғышарт – білім, пәнаралық байланыс;

1.5.Бағалау

1.6.Қажетті материалдар, сабақты қамтамасыз ету;

II.               Сабақ кезінде – сабақ барысы

Ш. Сабақтан кейін – үй тапсырмасы

4.      Әдебиеттер

5.      Ұсыныстар

2.Адрестік категория

Оқу пәні:  «Физика».

Мамандығы: 0511000 «Туризм»

Біліктілігі:0511032 «Туристтік агент»

Курс: 1 курс

3.Сабақтың жоспары

I.                  Сабаққа дейін

1.1.Мақсаттық аудитория: 19 БТА

1.2.Сабақтың тақырыбы: Электр заряды. Электрлену. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттерге бағыт – бағдар бере отырып зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі мен қозғалысынан туындайтын құбылыстармен танысуларына, зарядтың сақталу заңын, Кулон заңын есептерде қолдана білулеріне ықпал ету.

Дамыту: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Отан сүйгіштікке, жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға, салауатты өмір салты мен ұқыптылыққа баулу.

1.3. Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың түрі: Жартылай – ізденіс

Әдістері және әдістемелік тәсілдері: жеке- дара жұмыс, проблемалық – ізденіс, топпен жұмыс;

1.4.Алғышарт

Білім алушылар тақырып бойынша меңгеруі қажет

Пәнаралық байланыс:

1. Математика

2. Орыс тілі

3.Дене тәрбиесі

4. Химия

1.5.Бағалау

Әр топ басшысы өз тобына тапсырмалар арқылы бағалау парағына баға қойып отырады. Әр білім алушыға орташа бағасын шығарып, қорытынды бағаны сабақ соңында өткізеді.

1.6.Қажетті материалдар, сабақты қаматамасыз ету:

1. Электрондық оқулық

2. Электрометр

3. Презентация

4. Суреттер

5. Үлестірмелі материалдар

ІІ. Сабақ кезінде – сабақ барысы

1.Сабақтың ұйымдық нысаны(5 минут)

Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару.

Сабағымыз ерекше болғалы отыр өйткені 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында Алматыда не өткізіледі?  (Универсиада)  Сабағымыз универсиадаға арналады. Онда қандай жарыс түрлері болып өтті? (Таушаңғы спорты, шаңғы жарысы, биатлон, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, керлинг, сноуборд, фристайл, шаңғымен тұғырдан секіру, конькимен жүгіру, шаңғымен жарыса отырып, тұғырдан секіру). Осы спорт түрлерінен жерлестеріміз де қатысты, оларға шын жанкүйер болғандарыңызды бүгінгі сабақта дәлелдейсіздер деп ойлаймын. «Шынықсаң шымыр боларсың»- демекші сіздерді де спортпен шұғылдануға шақырамын. Универсиядада спортшыларымызға сәттілік тіледік, ал бүгінгі сіздерге «Қанатыңды кең серпі» демекшімін! Универсияда тұмарын бір-біріңізге бере отырып, сәттілік тілеңіздер.

Біз осыған дейін қандай тарауды аяқтадық? (Термодинамика негіздері) Енді физиканың бір бөлімі электродинамиканы, оның ішінде электростатика тарауындағы «Электр заряды, электр зарядының сақталу заңы, Кулон заңы» тақырыптарын қарастырамыз. Бұл сабақтағы мақсатымыз қандай  деп ойлайсыздар? Тақырыптағы жаңа терминдерді, формулаларды, шамаларды, өлшем бірліктерді үйрену,  тәжірибелерде, есептер шығаруда қолдану, өмірмен байланыстыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Мен сіздерге алдын- ала  осы тақырыпты қарастыруға бергенмін сондықтан менің бағыт – бағдарыммен мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын,тақтада спорт түрлерінен қалташалар ілінген, қалташалардағы тапсырмаларды орындай отырып алдыға қойған мақсатымызға жетейік.

3. Жаңа материалды үйрену (10-15 мин)

1.     «Таушаңғы спорты»  қалташасы. (5-10мин)

Әр топқа  парақтар таратылады, параққа өздері оқып келген жаңа сабақтағы термин сөздерді немесе физикалық шамаларды  жазу тапсырылады. Постер құрастыру.
(Электр зарядының сақталу заңы, нүктелік заряд, Кулон заңы немесе күші, ортаның диэлектрлік өтімділігі, электрлену, электр заряды, элементер немесе электрон  заряды, аттас немесе әраттас зарядтар, субатомдық бөлшектер: протон, нейтрон, электрон, оң-теріс заряттар, электр тұрақтысы, коэффициент, Кулон, суперпозиция принципі, уйкеу және туйістіру, тұйық немесе оқшауланған жүйе, электростатиканың негізгі заңы)

2.     «Мәнерлеп сыпғанау» қалташасы (5-мин)

Дәптерлеріне конспект алдын – ала  жазып келуге беріледі. Топ бойынша тексеру, бағалау.

Конспект

Электромагниттік өзара әсерді сипаттау үшін электр заряды, зарядталған дене, элементар бөлшектер, электр тогы деген ұғымдар ендіруге тура келеді. Біздің заманымызға дейінгі 600- жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың теріге немесе жүнге үйкегенде, ол біраз уақыт бойы шашты, жапырақты, астықтың сабағын өзіне тартатынын бақылаған. Гректер осы шайырды электрон, ал оған қатысты құбылысты денелердің электрленуі (зарядталуы) деп атаған. Электрон сөзінен электр деген термин шықты.Электрленген денелердің өзара әсерін электрлік күштер деген ұғыммен сипаттады. Электрлік қасиеті бар денелер электр заряды деген физикалық шамамен сипатталады. Электр заряды q [Кл] – электромагниттік өзара әсерлердің интенсивтігін көрсететін физикалық скаляр шама. Зарядтардың таңбасына байланысты өзара әсерін төмендегі кесте арқылы қарастыруға болады:

Зарядтар оң және теріс

болып бөлінеді
Аттас зарядтар тебіледі

Зарядты тасымалдаушылар зарядталған элементар бөлшектер: электрон (-), протон (+)
Әр аттас зарядтар тартылады

Элементар заряд
электрон мен протонның зарядтарының модулі өзара тең

е=1,6 ·10-19

Дененің заряды (q) элементар зарядтардың санымен өрнектеледі  мұндағы N-электрондардың саны. Денені электрлеу үшін теріс зарядтың, яғни электрондардың біразын олармен байланысқан оң зарядтан ажырату керек, мұны денелерді үйкеу арқылы немесе басқа электрленген денелермен түйістіру арқылы жүзеге асырады. Мысалы, құрғақ шашты тарағанда, шаш өзінің біраз электрондарын тараққа беріп оны теріс зарядтайды, ал шаш теріс зарядталған электрондардан айырылып оң зарядталады.

Электрлену (зарядталу)
денеге заряд беру
1) үйкелу

2) жанасу

3) әсер ету
Денелерді электрлеу кезінде:

-артық электрондары бар дене теріс зарядталады

-электрондары жетіспейтін дене оң зарядталады

Зарядтардың сақталу заңы ‒ тұйық жүйеде зарядтардың алгебралық қосындысы тұрақты q1 + q2 +…+ qn = const.

Енді электромагниттік өзара әсерлесулерді сан жағынан сипаттайтын заңдарды оқып үйренеміз. Электр зарядтардың өзара әсерін тағайындауда француз ғалымы Ш. Кулон иірілмелі таразы көмегімен қозғалмайтын зарядталған денелердің бір-біріне әсерін қарастырды. Иірілмелі таразы серпімді жіңішке сымға асылған шыны таяқшадан тұрады, таяқшаның бір ұшына металл шар, ал екінші ұшына оны теңгеріп тұратын жүк бекітілген. Тағы бір металл шар таразының қақпағына жылжымайтындай етіп бекітілген. Шарларға аттас зарядтар бергенде олар бір-бірінен тебіледі. Шарларды белгіленген арақашықтықта ұстап тұру үшін, серпімді қылсымды қайсыбір бұрышқа бұру керек. Шарлардың өзара әсер күшін қылсымның ширатылу бұрышы арқылы өлшейді. Тәжірибенің нәтижесінде зарядтардың өзара әсер күшінің шамасы зарядтардың шамасына және арақашықтығына байланысты екені анықтап, француз ғалымы Ш. Кулон электростатиканың негізгі заңын төмендегідей тұжырымдады. Зарядтың өлшем бірлігі Кулон заңы ашылғаннан кейін тағайындалды. Х.Б. жүйесінде зарядтың бірлігі кулонды ток күші бірлігі арқылы тағайындады. 1 кулон (Кл) – бұл ток күші 1 А болғанда, өткізгіштің көлденең қимасынан 1 секундта өтетін заряд.

Иірілмелі таразы
1785 ж. француз ғалымы

Кулон тәжірибесінен
Вакуумда екі нүктелік зарядтардың өзара әсерлесу күштері, зарядтардың модульдарының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтығының квадратына кері пропорционал. Күштер зарядтардың центрлерінің арасын қосатын түзу бойымен қарама-қарсы бағытталады.
Табиғатта зарядталған нүктелік денелер болмайды, алайда денелердің арақашықтығы олардың өздерінің өлшемінен көптеген есе үлкен болса, онда зарядталған денелердің пішіні де, өлшемдері де, олардың өзара әсерлесуіне ықпалын тигізбейді. Бұл жағдайда денелерді нүктелік заряд деп қарастыруға болады.

k – пропорционалдық

коэффицент.
Әрқайсысы 1 Кл-ға тең екі нүктелік зарядтардың 1 м арақашықтықта өзара әсерлесу күшіне тең
ɛо – электрлік тұрақтылық

ε – ортаның диэлектрлік өтімділігі.

Вакуумдағы Fk – күші ортадағы

Fk – күшінен қанша есе көп екенін көрсетеді.

3.      «Шорт-трек» қалташасы. (5-мин)

Бұл тапсырмада электрондық оқулықтан бейне жазбалар көру, білімдерін толықтыру.

4.Жаңа материалды бекіту (45-50мин)

4.     «Шаңғы жарысы» қалташасы.(5-7 мин)

Диктант топтағы барлығына таратылады, жазып болғансоң топтар бір-бірін тексереді

1.     Протон, нейтрон, электрон бір сөзбен қалай аталады? (субатомдық бөлшектер)

2.     Электрлеу әдістері (үйкеу, түйістіру)

3.     Элементар заряд мәні (е=1.6  10-19 Кл)

4.     Шекарасы арқылы зат өте алмайтын жүйе (тұйық немесе оқшауланған жүйе)

5.     Электр зарядының сақталу заңының математикалық өрнегі (q1+q2+…+qn=const)

6.     Электростатиканың негізгі заңы (Кулон заңы)

7.     Бірлік уақыт ішінде өткізгіштің бірлік көлденең қимасының ауданы арқылы 1А ток күшіне тең ток жүрген кезде өтетін заряд (Кл немесе Кулон)

8.     Вакуумдегі қозғалмайтын екі нүктелік зарядтың өзара әрекеттесу күші зарядтар модулінің көбейтіндісіне тура пропорционал, олардың арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал (Кулон заңы)

9.     Кулон күші қалай бағытталады (Зарядтарды қосатын түзу бойымен бағытталады)

Бағалау

«5»-9

«4» – 8-7

«3» -6-5

«2»- 4

5.     «Биатлон»  қалташасы (5-мин)

Мысалдарды түсіндіру. Әр топқа жеке сұрақтар беріледі, оқып жауап береді.
а) Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады? (шыны мен пластина тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады)
ә) Синтетикалық киімді шешкенде нені байқайсыңдар?( шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсыңдар)
б) Мысықты сипағанда? (шытырлаған дыбыстар естіледі)
в) тарақты алып құрғақ шашты тарағанда, содан кейін кішкене қағазды жақындатқанда нені байқадыңдар? (ұсақ қағаз қиындыларын өзіне тартатынын көресіңдер)

6.     «Шайбалы хоккей» қалташасы.(3-мин)

Сергіту сәті

7.     «Кёрлинг»  қалташасы (3-5 мин)

Топтарға электроскоп пен электрометрдің суреті мен орысша құрлысы                                                                                                                                                                                               беріледі, студенттер суреттегі құралдар қалай аталатының жазып өткізеді.

8.     «Сноуборд»  қалташасы (3-5)

Алтын сандықта жоғарыда аталған электр зарядын анықтайтын құралдын бірі жасырылған оның ерекшелігі тілшесі бар, ол қандай құрал? Қай топ бірінші тапса сол топ бағалау парағына «5»-тік баға қояды, таппаған топтар «3»-тік баға қойылады.

(Электрометр)

9.     «Фристайл»  қалташасы (8-10 мин)

Деңгейлік тапсырма

А-деңгей

Қандай атомның немесе ионның моделі суретте бейнеленген?

1 валентті оң ионды гелий
1 валеннті оң    ионды сутек
1 валентті теріс

ионды оттек
В-деңгей

Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары 20 Кл және 30 Кл . Бұлттар арасында орташа қашықтық 30 км болса, онда олар бір-бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?

( F= 9*109 * 20*30 / 30*103 * 30*103= 6*103 H)

С-деңгей

Есептер жинағынан: 1мкКл және 10нКл екізаряд 9мН күшпен біріне – бірі қандай қашықтан әсер етеді? (r2= 9*109*10-6*10*10-9/9*10-3= 100*10-4 м2.r=10*10-2м= 10см)

10.                       «Шаңғымен тұғырдан секіру»  қалташасы (8-10)

Эксперимент жасау

«Магнитті тарақ» қағаз, тарақ беріледі өздері жасап көрсетеді.

«Шаштың тік тұруы» шар беріледі

«Заряд бар ма?» қалам, жіп, штатиф беріледі.

 

11.                       «Конькимен жүгіру жарысы»  қалташасы (7-10мин)

 

Тақырыптық тест
1. Үйкелген дененің басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?
А. Англия
В. Греция
С. Ресей
2. Янтарь грек тілінен аударғанда қандай мағана білдіреді?
А. Элементар
В. Электрон
С. Эбонит
3. Бір-бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысы не деп атайды?
А. Денелердің электрленуі
В. Денелердің әсерлесуі
С. Денелердің беттесуі
4. Аттас зарядтар бірін-бірі
А. Тартады
В. Тебеді
С. Еш әрекет болмайды
5. Электр зарядының неше тегі бар?
А. Екі. Оң заряд
В. Бір. Теріс
С. Екі. Оң және теріс
6. Электр зарядының сақталу заңы
А. q1 + q2 +…+ qn = const.
В.
С. е=1.6  10-19 Кл
7. Денелердің электрленгендігін білуге арналған прибор
А. Динамометр
В. Камертон
С. Электроскоп
8. Электр заряды еркін қозғала алатын заттар не деп аталады?
А. Өткізгіштер
В. Жартылай өткізгіштер
С. Диэлектриктер
9. Электр заряды еркін қозғала алмайтын заттар не деп аталады?
А. Өткізгіштер
В. Жартылай өткізгіштер
С. Диэлектриктер
10. Кулон заңының математикалық өрнегі
А. q1 + q2 +…+ qn = const.
В.
С. е=1.6  10-19 Кл
Тест жауабы: 1.В     2.В    3.А    4.В    5.С    6.А    7.С    8А.    9.С    10.В

III.Сабақты қорытындылау, баға қою(5-8)

12.                       «Шаңғымен жарысу, тұғырдан секіру»  қалташасы (4-мин)

Не білемін…

Не үйрендім…

Не үйренгім келеді…

Бағалау  (4-мин)

Бағалау парағына қойып отырған бағаларын есептеп шығады
Аты- жөні

Тапсырмалар
Қорытынды баға

Сабақтан кейін – үй тапсырмасы(2 – мин)
1. §8.1   241-бет,  8.2  243-бет [5.1.2]

2. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 677, 678

3. Термин сөздерді 3 тілде қарастырып келу.

4.Әдебиеттер.

Негізгі:

5.1.2 Б.А. Кронгарт, В.И. Ким. Физика: оқулық, 10 сынып. Жаратылыстану- математикалық бағыт. Алматы, «Мектеп», 2014ж

Қосымша:

5.2.2 Рымкевич А.П, Физика есептер жинағы 10-11 кл. М: Дрофа 2003г

Әзірлеген оқытушы:

____________ Бұхаева Жадыра Қанатқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.