«Педагогическое мастерство воспитателя 2020»

Акильжанова Гульжан Бугумбаевна, Куанбаева Балымкуль Хорезимовна, Кукенова Миниса Нурахметовна, Курманова Умутжан Ахметовна, Сабитова Рамзия Маратовна,Танишева Баян Жаксылыковна  

педагоги ГККП «Детский сад «Айналайын» при акимате города Кокшетау

“Берекелі,мерекелі Алтын күз”!
Мақсаты:Күзсыйытуралыұғымдарынбекіту.Табиғаттыңкүзмезгіліндегіөзгерістеріжайлыбілімдерінкеңейту.Табиғаттыңсыйынбалаларөзкөздеріменкөріп,дәмінтатып,күзбайлығын,әсемдіктісезінебілугекөргендерітуралыәңгімелейбілугеүйрету.Тілұстартужаттығуларынорындайбілугедағдыландыру.Адамдардыңеңбегінбағалайбілугетәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Мерекегесайбезендірілгенән-саз.Әдемісаздыәуенойналыптұрады.Бүлдіршіндертәрбиешіменбіргекіріп,орындықтарғажайғасады.
Балалардыңқолдарындажапырақтар.
Тәрбиеші:Құрметтіқонақтар,ұстаздар! БүгінБалапан тобыныңбалаларыдайындаған “Берекелі,мерекелі Алтын күз”! аттыертеңгілігінеқошкелдіңіздер.
Армысыздар, халайық!
Бармысыздархалайық!
Күзгітоптыжұпжазбай,
Келіңдерқарсыалайық!
– Қараңдаршы,бүгінбарлығыңызқандайәдеміболыпкеткенсіңдер.
Қолымызға не ұстапкелдік?
– Жапырақтар.
– Осы жапырақтардыңтүсіқандай?
– Сары.
Тәрбиеші: Олайболса,бүлдіршіндеріміздіңорындауында.
Ән: “Күз”

Тәрбиеші:  -Ал, балаларөнеріміздікөрсетіп, мерекенітойлайық.

Көбейеді құт береке

Астық толы қомбамыз.                    Айсель

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

 

Жаңбыр,жаңбыр жауа бер,

Қорықпаймыз біз сенен.                   Кира

Қолымызда қол шатыр,

Кел билеші бізбенен.

 

Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз.                   Рахат

Жиып –теріп болған соң,

Той жасайды халқымыз.

 

Ұшты талдап жапырақ,

Сары көбелек секілді.                       Дияс

 

( Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)
– Балалар тыңдаңыздаршы бұл не шу?
( Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.

Мен Күз ханшайымымын.Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе-сары.Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар,жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Күз ханшайымы біздің балалар күз туралы тақпақтар өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: Кезегімізді әнге берейік « Күз келді  » әнін қабыл алыңыздар!

Тәрбиеші: Жарайсыздар кезегімізді өлең шумақтарға берейік.

Біз бақытты болғанбыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз               Данель
Көбейді құт береке
Астық толы қоймаймыз.

 

Шақырады біздерді.

Берекелі мереке

Келді жомарт алтын күз,               Нурислам

Қалада да, далада да,

Жанның бәрі жарқын күз

 

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды                       Нурай

 

Жайдарлы күз,жарқын күз

Аяулы күз алтын  күз.                      Эльмира

 

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады                          Аиша

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Күз ханшайымы:Иә,сіздің балаларыңыз бәрі өнерлі екен.
Тәрбиеші: Қане балалар,осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын “Қолшатыр”.

Күз ханшайымы Балалар сендер ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер Мен сендерге жұмбақ жасырайын.
1. Қалың киім унатады,
Шешіндірсең жылатады.Бұл не?
(Пияз)
2..Аспай піскен,қайнамай түскен.
( Жеміс )

3. Сырты қызыл,

Өзі тәтті

Ол не? (алма)

Тәрбиеші: Енді біздің балалар биін қабыл алыңыздар.

Би: Саңырауқұлақтар

Тәрбиеші: Күзде өздері пісетін, тамаққа келіп түсетін мақтанбақшы сіздерге жемістер көкөністер сан түрлі . Ортаға жемістер мен көкөністер өздері туралы тақпақтарын айтады.

Мен алмұртпын,алмұртпын

Аузындамын бар жұртын.              Анель

 

Мен жүзімін жүзімін

Моншақ болып тізілдім.               Бауыржан

 

Мен өрікпін,өрікпін

Табиғатқа көрікпін.

 

Мен шиемін шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін.                              Ясмин

 

Мен алмамын,алмамын,

Тандай жұмар бол дәмім.                       Аружан

 

Асханадан шықпаймын

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарып

Тұмаудан бірақ сақтаймын                     Нурали

 

Өсіремін бойыңды,

Дамытамын ойыңды

Қоянға да азықпын,

Сәбіздерміз жазықсыз.                                 Алихан

 

Тал шыбығым бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып                                        Айсель

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар ендеше бүлдіршіндеріміздің “Шалқан” ертегісінің көрінісін тамашалаңыздар.

 

Тәрбиеші: Күз ханшайымы,құрметті қонақтар балаларымыздың күзге деген жылы лебіздерімізді тыңдайық.

 

Сап – сарымаңай,

Сап – сарытоғай.

Соңғыәнінайтып,Ақнүр

Құскеттіқайтып

 

Қарашыкүзкелді, күзкелді

Жапырақжауыптыіздерді.

Құсбіткенкеруентізеді,

Қарабұлтқабағынтүйеді. Асем

 

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуанжапырақ.

Күзгібақтакүлімдеп,

Көзтартадыатырап.Алинур

 

Қоңырсалқынтарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздарқайтыпбарады,

Қайтқанелдейжайлаудан. Ерке

 

Соңғышуақтөгіліп,

Жалқынданыптұраймақ.

Ақсәулегешомылып,

Жапырақтаржүройнап.Бахтияр

 

Жайдарыкүз,жомарткүз,

Аяулыкүз,алтынкүз.

Дәнге толы кеңдалам

Дариядайшалқыпжүр.Даяна

 

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ендібүлдіршіндеріміздіңәнін қабылалыңыздар!
Ән: «Жомарт күз»

Тәрбиеші: Бүлдіршінмен бәріміз

Отбасында бір ұямыз

Береміз ендеше би өнеріне кезегін.

БИ: «Жапырақтар биі»

Ойын : «Жасырынбақ»
Күз ханшайымы: Рахмет,балалар!Барлығыңыз өнерлі екенсіңдер.Міне,менің сыйлығым бір себет күз сыйы.Сендерге денсаулық,шаттық және байлық әкелсін.
Тәрбиеші:Күз ханшайымы,саған мың алғыс!Бүгінгі сыйлығыңа рахмет.Бізге тағы кел,біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ дәулет,
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар,балалар,
Келгенше жыл айналып.
( Осы кезде әуен ойналады,Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Қош бол Күз ханшайымы!
Тәрбиеші: Күздің кереметі,байлығы өте көп.Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға,көкөністерге,жеміс-жідектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар.Қазіргі сендердің еңбектерің сабақ оқу.Міне,балалар,құрметті қонақтар,ұстаздар осымен “Берекелі,мерекелі Алтын күз”атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын,әр отбасыларыңызға бақыт,береке тілеймін.

«Алтын күз»   мерекесі

ІІ сәбилер тобы

Мақсаты:

Білімділік:күз мезгілінің ерекшеліктері  туралы  түсініктерін  кеңейту.

Дамытушылық:тілдерін  дамыту.

Тәрбиелік:қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.

Сәлеметсіздерме, қадірлі  қонақтар!  Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз.

 

 

Жүргізуші: Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Күз-жыл мезгілінің ішіндегі ең кереметі.Ағаш жапырағы сарғайып, алтын түстес  болғандықтан бұл мезгілді Алтын күз деп атайды.

 

«Күзгі жапырақтар»  әнің орындайық.

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса отырыңдар!
Жүргізуші: – Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.

Біздің мерекеге қонақ келмекші (Музыка ойнайды , «Алтын күз»  келеді)

Алтын күз: Сәлем менің достарым ,

Өмірге көп  қосқаным,

Күз сыйлығын алыңдар

Сыйлығына қаныңдар

Молшылыққа  келеніп

Шаттық әнге салындар

 

 

Балалардың орындауында күз мезгілі туралы тақпақтар

 

Қадірали:Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.

 

Айдар:Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлмдеп
Көз тартады атырап.

 

Ән: «Зеңгір көктен »

Ойын: «Картоп пен сәбіздерді тез жинау»
Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші:Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сіздерге , көкөністер сан түрлі!

( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар айтады).

 

Дмитрий:Мен алмұртпын, алмұртпын
Ауызындамын бар жұрттың

 

Айнара:Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін

 

Айлана:Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ  болып тізілдім

 

Арсұлан:Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін.

 

Темірлан: Картоп біздің досымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.

 

Амир:Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз.

 

«Жаңбыр»  кейіпкері  қонаққа  келеді.

Ойын ойнатады.  «Шалшық  судан  секіріп  өту»

 

Көңілді ән мен би
Алтын күз: Бәрекелді, керемет!
Жүгізуші: Құрметті қонақтар!  Балалардың орындауында көңілді  биді қа-был алыңыздар.

Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер , рахмет балалар!Билерің қандай керемет!

Жүргізуші: Балалар , адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкө-

ністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар.

Жүргізуші:Енді балалар , біз  «Жасырынбақ»   ойының  ойнаймыз.

 

Ғажайып сәт: «Алтын күздің»  сыйлығы

Жүргізуші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқ-ты.

Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сауболып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аман-шылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап «Алтын күз» шығып кетеді).
Жүргізуші:Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға            «Сауболыңыздар!»  дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.