Балаларды тәрбиелеу мен оқытуда сергіту сәттерін қолдану

Ерболатова Ақмарал Ерболатовна

воспитатель КГУ «Специальная школа-интернат №3»

Балаларды біліммен қаруландырумен қатар олардың дені сау, дене бітімінің көз тоярлықтай болып барлық күшін, шығармашылық қабілетін сарқа жұмсауы керек. Бүгін алдымызда отырған кішкентай бүлдіршін-ертең еліміздің экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын молайтатын еңбекқор. Сондықтан еліміздің азаматтарын жан-жақты тәрбиелеуге тәрбиеші мен мұғалімдердің  атқарар еңбегі зор.

Баланың сапалы білім алуына дұрыс ұйымдастырылған сергіту сәттерінің де әсері мол. Сергіту сәті балалардың шаршағандығы байқалған, эмоциялық көңіл-күйлері төмендеген жағдайда олардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады. Сергіту жаттығуларының алуан түрлі болуы баланың көңіл-күйін көтеріп ,іс – әрекетке белсенділігін арттырады.

Сергіту сәті – балалардың дене бітімін, ой өрісін, миын тынықтыру,мүсінін қалыптастыру, сымбаттау, шаршағандықты басу т.б, экологиялық адам ағзасына жайсыз әсерінің алу құралы ретінде әр түрлі физиологиялық жаттығулар және ол әсерлердің зардаптарын болдырмау, жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімдеу.

Сергіту сәттері балалардың танымдық және тәжірибелік белсенділігін арттырудың аса маңызды құралы болып табылады. Сергіту сәттері баланың сабаққа қызығушылығын оятады, зейінін тұрақтандырады, есте сақтау, сөйлеу, ойлау процесін дамытады, көңіл-күйін көтереді, тіл байлығының дамуына да зор әсер етеді.

Сергіту сәттерінің маңыздылығы

Сергіту сәттері баланың жұмысқа қабілеттігін арттырып, шаршауды ысырады. Қимыл- қозғалыс арқылы жаттаған тақпақ баланың ойында тез

жатталып, көпке дейін естерінде сақтайды.

Сергіту сәттерінің басты міндеттері:

–                     дене жаттығуларымен шұғылданудың мәдени-тарихи, физиологиялық негіздері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру;

–                      саналы түрде қимыл-қозғалыстар орындауға, оларды дене мүшелеріне нақтылы ықпал ету жолдарын үйрету;

–                     тыныс жаттығуларды күрделеніп, жаңа жаттығуларды үйрету арқылы қимыл-қозғалыс тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту;

–                     дене жаттығуларын орындау біліктілігін арттыру арқылы дене бітімін қалыптырып, қимыл-қозғалыс мәдениетін, қабілетін жетілдіру.

–                     дене жаттығулармен өз беттерімен еркін шұғылдандыру жағдай жасап, ұйымдастырушылық біліктілігін қалыптастыру.

Үнемі қимыл қозғалыста болу әсерінен сүйек, сіңір мен тамыр мықты болып, арқанның, қол-аяқтың бұлшық еттері шынығып, табиғи бұлшық ет пайда болады. Сонымен қатар оқу процесінде оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, мәнерлеп оқу, ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу, әр дыбысты толықтай меңгеруге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сергіту жаттығуларының мәні зор.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтысы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибелерінде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтері мен сергітулерді пайдаланудың маңызы өте зор.

Сабақ және сабақтан тыс шаралары бір сарынды, қызықсыз болса, әрі дем алып бойларын жазуға уақыт, қолдарына бір мезгіл тыным берілмесе бала тез шаршап, жаңа материалды тиісінше меңгере алмайды.

Уақытымен бойларын жазып, миларын дем алдырса ғана берілген материал жақсы естерінде қалады.

Сергіту сәттерінде жасалған жаттығулар баланың есте сақтау қабілеттерін және танымдық қызығушылықтарын арта түседі. Сөздік қорлары молайады.

Мұнымен қатар сергіту сәттерін өткізу оқушылардың оқып отырған материалға қызығушылығын арттырады оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуне мүмкіндік туғызады.

 

Ойын жаттығулары мен жылулық шеңбер үлгілері

«Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы

Педагог балаларға: тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді. Педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»

«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды. «Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері. «Мен және аспан» Педагог балалардың назарын аспанның әдемілігіне аударады.Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады;үлпілдік ақша бұлттаға,жауар бұлттай түнерген аспанға,мейірімді жылы күнге,ай мен жұлдыздарға, қарлығашқа, бозторғайға, шымшыққа, бүркітке т.б.айналады. «Әсерлерімізбен бөлісейік» жылулық шеңбері Педагог балаларға 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады.

 

 

Сабақ барысында қолданылатын сергіту сәттері

Бір топта біз нешеуміз?

Кел санайық бәріміз(санау)

Қанша болса ұлдар,

Сонша көтеріледі қолдар,

Қанша болса қыздар,

Сонша еңкейеміз достар!

Бір,екі,үш,

Жадыраймыз жайнап күш,

Бестік баға аламыз.

Қуанып үйге барамыз.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.