Жаңаша оқыту-заман талабы

Молдабеков Айбек Базаралыевич 

Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Жарқын болашақ кепілі–білімді ұрпақ. Ұрпақ  үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қол жетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуы үшін қажет. Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 – ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясының орны ерекше. Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты. Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарыммен пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Сонымен қатар көп ақпаратты таңдай, жинақтай отырып, ішінен қажетті ақпаратын алуына және өз ойын еркін айта білуге үйретеді. Сыни тұрғыдан ойлаудың ең оңтайлы тәсілі-балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Оқушылардың кез келген әңгіменің сапасымен мазмұнын білуі, біз үшін маңызды болып табылады.Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға шешім бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, оқушының жүйелі ойлауына жол ашады. Сыни тұрғыдан ойлаудың ашылуы қызығушылығын ояту бұрынғы алған біліммен жаңа білімді салыстыра отырып, сол кезде қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Топта талқылау», «Жұпта талқылау», «Жұмбақ шешу», т.б. әдістер. Тарқатып айтсам, қызығушылығын ояту  мен қатар, оқушының белсенділігін арттыру сияқты әдістерден тұрады. Өйткені оқушы өзінің білетінін есіне түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Бағдарламаға енгізілген түрлі тәсілдердің бірі мұғалімнің өз тәжірибесі туралы нақты мақсатқа көшу, және тізбектелген сабақтар топтамасын жүйелі түрде енгізу. Осы сәтте бағдарламада қарастырылған жеті модульді пайдалану мақсатында мемлекеттік стандартында көрсетілген мақсаттарды сақтай отырып тәжірибемде тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді сабақ жоспарын және қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасадым. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін таңдаудағы мақсатым оқушылардың ойлау шығармашылық қабілеттерін арттыру, ойын жетік жеткізе алу, алған білімдерін кез-келген жерде қолдана білу, жаңа технологиыны  пайдалана отырып өз ойын толық жеткізуге үйрету. Сыни тұрғыдан ойлау модулінің мақсаты дегеніміз – алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Мәселен, “Эссе стратегиясын” ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады. «Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып, оны дәлелдеуге үйренеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытыныдылауға болады. Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. Әрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді. Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге үйретеміз. Өзімнің тәжірибемде  проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.Сонымен, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай қорытындыға келдім: Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін тапты. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын тыңдап, өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды. Өзіндік қорытындылары, оның қаншалықты ғылыми, шындыққа жақын екенін саралайды.
Міне, дәл осы технология арқылы оқушыларды  білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырамыз деген ойдамын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.