Эссе С.С.Прокофьев

Айдарбайқызы Аружан

Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің

5 сынып оқушысы (қобыз)

Жетекшісі: Имангалиева Гузель Мухитовна
Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің оқытушысы

 

Сергей Сергеевич Прокофьев            

(1891 – 1953)

Ұлы кеңес композиторы С.С.Прокофьевті шындығында ХХ ғасырдың классигі деп атайды. Прокофьев – батыл жаңалық ашушы суреткер. Ол музыка әлеміне мелодия, ритм, гармония, инструментовка жөнінде біраз жаңалықтар әкелді. Оның өнері орыс және әлемдік классиктердің дәстүрімен тығыз байланысты болды.

Прокофьевтің шығармлары жан-жақты. Оның музыкалық бейнесінің байлығы таңдандырады. Лирика мен эпос, трагедия мен комедия, адамдардың қайғысы мен қуанышы, жас (слезы) пен күлкі міне осыларды ол іске асырды. Пркофьевтің шығармаларында орыс тарихы жанданғандай болады. «Война и мир» операсы, «Иван Грозный» фильміне музыка жазса, соңғы кездегі шығармалары «Семен Котко», «Повесть о настоящем человеке» опералары, Шекспирдің трагедиясы бойынша «Ромео и Джульетта» балеті және «Золушка» ертегі балеті, «Любовь к трем апельсинам» операсы, «Гадкий утенок» вокалдық ертегісі. Прокофьев үлкендерге де кішкентай балаларға да күрделі музыка шығармаларын жазды. Ол опералар, балеттер, симфониялар, концерттер, сонаталар, сюиталар, әндер, кантаталар, театр мен киноға музыка жазды.

Оның шығармалары қазіргі композиторларға әсер етіп, оның дәстүрі әрі қарай дамып келеді.

Өмірбаяны

Балалық шағы. Сергей Сергеевич Прокофьев 1981 жылы 23 сәуірде Екатеринославск губерниясындағы Сонцовка селосында (қазіргі Доецк облысы, Красноармейск ауданы, Красное селосы( дүниеге келген. Әкесі Сергей Алексеевич Оқымысты агроном болды. Шешесі Мария Григорьевна фортепианода Беховеннің сонатасын, Шопеннің мазуркасы мен ноктюрнін, Чайковскийдің пьесаларын ойнайтын. Бес жастан кете Сережа фортепианога арнап «Индийский голоп» тақырыбына пьеса жазса, кейін бірнеше шығармалар жазды.

Бала тоғыз жасқа толғанда оны Москваға әкеледі. Ол мұнда алғаш рет опера театрында болып Гуноның «Фауст» және Бородиннің «Князь Игорь» операларын тыңдап, «Спящая красавица» балетін көрді.

Консерваторияда Пркофоьев орыстың тамаша сузыканттарынан сабақ алады. Анатолий Константинович Лядовтан гармония, контапункт, Николай Андреевич Римский-Корсаковтан инструментовкадан сабақ алады. 1909 жылы Прокофьев консерваторияныкомпозиция класы бойынша, бес жылдан кейін пианист А.Н.Есипова ретінде бітіреді. Оған алтын медаль беріліп, А.Рубинштейн атындағы премия «тамаша роль»  сыйлайды. Кейін ол тамаша пианист ретінде концерттік сапарда көп болады. Бірінші айтарлықтай шығармасы 1911 жылы жазылған фортепиано мен оркестр үшін жазылған концерті. 1914 жылы лирикаға бой ұрып, Андерсеннің ертегісі бойынша «Гадкий утенок» музыкалы ертегі жазды. 1916-17 жылдары жазылған Прокофьевтің «Классикалық симфония» шат көңілді, өткір тілді болды.

Шетелде болған жылдары. Прокофьев дүние жүзін аралап өтті. Ол Жапонияда, Құрама штаттарда, Куба басқа да Европа елдерін (1918 – 1933) аралады. Көп тұрған жері Франция. Шетелде жүріп ол Равель, Стравинский, Рахманинов, дирижерлар Стоковский, Тосканини, киноартист Чарли Чаплин және басқалармен де кездесті. Оның шығармалары әлемнің әртүрлі театрларында қойылды, 1921 жылы Чикаго қаласында Прокофьевтің «Любовь к ттрем апельсинам» Италия жазушысы Карло Гоццидің ертегісі бойынша атты оркестр үшін жазылған үшінші концертін аяқтайды.

Отанына оралу.Міне ол Москвада.Кеңес өмірінің қайнаған ортасы.Мұнда ол достары Мясковский және Асафьавпен кездеседі.Ол кеңестік режиссерлер,балетмейстерлер,жазушылар бірлесе жұмыс жасайды.Жоғары идеялық оның шығармалары халық арасында өз орынын табады.

30-шы жылдардағы шығармалары.Кеңес кезеңіндегі оның шығармашылығы жоғары талант деңгейіне көтеріліп гүлденді.Бірінен кейін бірі ірі шығармалары туындайды.1935-36 жылдары Шекспирдің трагедиясы бойынша,”Ромео және Джульетта”балеті жазылды.Бұл балетті балетмейстер  Л.Лавровский 1940жылы Ленинградтағы С.М.Киров атындағы опера және балет театрында қойды.

1938жылы “Александр Невский”кинофильміне музыка жазды.1939жылы “Семен Котко”операсы В.Катаевтын “Я сын трудового народа”повестісі бойынша жазылды.Мұның оқиғасы 1918жылы Украинада кеңес үкіметін орнату үшін күреседі.Жас кейіпкерлер Семен мен Софья,қазіргі Ромео мен Джульетта тәрізді.Кеңес тақырыбына тыңнан опера жазу оңай іс емес,бірақ мұны Прокофьев жақсы атқарып щықты.30-шы жылдары Прокофьев балаларға,жас пианистерге арнап тамаша фортепианолық пьеса “Детская музыка”,өз сөзіне “Петя и Волк” симфониялық ертегісін жазды.Ол шахматты жақсы ойнады.Машина айдауды да жақсы меңгерді.Биді ұнатты.Адамдардың ортасында жүрді.

Соғыс жылдары.”Война и мир”операсы.Композитордың Ұлы Отан соғыс жылдарында негізгі жұмысы,үлкен патриоттық “Соғыс және бейбітшілік”операсын жазу болды.”Война и мир”Прокофьевтің сүйікті шығармасы болып,ол өмірінің соңғы күніне дейін оны өңдеумен болды.1945 жеңіс жылы оның тамаша үш швғармасы жарық көрді:бесінші симфониясы “Адамзаттың ұлылық рухына ”арналған,С.Эйзенштедамен бірлесіп жасаған “Иван Грозный”кинофильмінің бірінші сериясына музыка,”Золушка”ертегі балеті.Мұның өзі соғыстан кейін Үлкен театрға қойылған бірінші спектакль болды.

40-шы жылдардың соңы 50-шы жылдардың басындағы шығармалары.Соңғы жылдары бірнеше жаңа туындылары болды.Солардың ішінде “Повесть о настоящем человеке”операсы/Б.Полевойдың кітабы бойынша\совет адамдарының,соғыс кезіндегі тамаша ерлігін суреттейді.”Сказ о каменном цветке”балеті /П.Бажов бойынша\,С.Маршактың сөзіне “На страже мира”ораториясы жазылды.Балалар тақырыбына қайта соғып,ұл балалар хоры,симфониялық оркестр үшін,”Зимний костер”сюитасын жазды.Прокофьевтің жетінші симфониясына 1957жылы,өлгеннен кейін Лениндік сыйлық тағайындалды.40-шы жылдардың аяғы,50-жылдардың басында Прокофьев көп науқастанды.Дәрігерлер күніне 20минут жұмыс жасауға рұксат  етті.Жылдың көп мезгілін  Москва өзені бойындағы Николинадағы саяжайында өткізді.Мұнда музыканттар Д.Кабалевский,С.Рихтер т.б келіп тұрды.С.С.Прокофьев 1953жылы 5 март күні Москвада қайтыс болды.

                                             НЕГІЗГІ ШЫҒАРМАЛАРЫ

1.)8 опера:солардың ішінде “Игрок”,”Любовь к трем апельсинам”,”Семен Котко”,”Обручение в монастыре”,”Война и мир”,”Повестъ о настоящем человеке”

2).7балет:солардың ішінде “Золушка”,”Ромео и Джульетта”,”Сказ о каменном цветке”

3).”На страже  мира”ораториясы

4).”Здравица”,”Александр Невский”,”Кантата к ХХ-летию Октября”кантаталары

5.)7-симфониясы

6.)5 ф-но мен оркестр үшін концерттер

7).2 скрипка мен оркестр үшін концерт

8).2 виолончель мен оркестр үшін концерт

9).9 фортепиано үшін сонаталар

10).Симфониялық ертегі “Петя и Волк”

11.)Дауыс пен ф-но үшін ”Гадкий утенок”

12.)Дауыс пен ф-но үшін өңделген орыс халық әндері

13.)Александр Невский”,”Иван Грозный”кинофильмдеріне музыка.

 

                     ЖЕТІНШІ СИМФОНИЯСЫ

1952жылы Одақтар үйінің Колонна залында Прокофьевтің жетінші симфониясы бірінші рет,белгілі совет дирижері С.А.Самосудтың басқаруында,Бүкілодақтық,радионың оркестрі орындады.Премьерада автор да отырды.Бұл Прокофьевтің концерттік залда өз шығармасын соңғы рет тыңдауы еді.

Жетінші симфония композитордың соңғы күрделі шығармасы.Оркестрлік партитурасы 5 июль 1952 жылы бітті.Композитордың өліміне сегіз ай қалған еді.Бұл симфонияның құрылымы классикалық түрде.Мұнда төрт бөлім бар.Бірінші бөлім-сонаталық аллегро формасында,екінші бөлім-орташа Аллег-ретто,үшінші бөлім-Анданте,төртінші бөлім-екпіндетілген финал,кодасы бар.Финалдың соңында бірінші бөлімнің қосымша партиясы-қуанышты,әдемі өмірдің тақырыбынан кейін,қиял ертегілік сезіммен бітеді.Прокофьев өз тыңдаушыларымен қоштасып отырғандай әсер қалдырады.

 

Прокофьев «Александр Невский» атты кантата

Кантата «Александр Невский» аттас кинофилімнің музыкасының негізінен туылды.

Шығарма жеке күрделі жоспарланған композициясы мен драматургиятадан тұрады.

Кантата 7 бөлімді:

– бөлім «Русь монғол шапқыншылығының астында»

– бөлім «Александр Невский туралы ән»

– бөлім «Псковтағы Крестоносшылар»

– бөлім «Орыс адамдары көтеріліске шығындар»

– бөлім «Мұздағы шайқас»

– бөлім «Өлі дала»

– бөлім «Александрдің Псковка кіруі»

 

I-бөлім -3 бөлімді формада жазылған.

Негізгі тақырып – негізгі бейне, бос қаңырап қалған жерді, қысқа, көне попевкалар мен қарсылыс регистрлердің арқасында суреттеледі. Ортанғы бөлімде –қайғылы тақырып орыстың халық тақырыбына тым жақын. Қаталауда барлық тақырыптар қайтып жүргізіледі.

 

II-бөлім – олда 3 бөлімді формада жазылған. Ерлер хорына арналған Александр Невский туралы әнді альтар мен оркестр қостайды. Негізгі тақырып –ұлы эпикалық, батырлар жырға ұқсас.  Ортанғы бөлімде-бір бейне жігерле, шайқас туралы әнгімені айтқандай болады. Қайталау тарауда барлық тақырыптар қайталанады.

 

III-бөлім – 3бөлімді формада.

Шеткі бөлімдерде крестоносшылардың бейнесі келтірілген және ол 3 элементтен тұрады:

Хорал біркелкі латын мәтінде

Қорқынышты сарын кішірейтілген 2 мен 7 құрылған

Крестоносшылардың сигналында аңдардың лейтмотивтері п.б.

Ортанғы тарауда жаңа бейне п.б. Ол орыс халқының мұңлы тақырыбына жақын, яғни созылыңқы әнге тәріздес. Қайталай тарауда барлық тақырыптар жүргізілген.

 

IV-бөлім –ол да 3-ді формада.

Негізгі тақырып батырлы, батылды,бұл  халықты өз отанын қорғауға шақыру. Ортанғы тарауда Отан тақырыбы п.б. Өл көтерілінкі, эпикалық боп келген. Қайталау тарауда барлығы қайталанады.

 

V-бөлім. Кинодағыдай кадрлардың ауысқанындай, мұндада қарама-қарсы эпизодтар бар.

Бұл бөлім кіріспемен ашылады. Кіріспеде қысқы көріністің бейнесі, қысқы қатып қалушылық, регистрлердің қарама-қарсылығы мен қатқан аккордтадың фонында жарыс ырғақтармен келтірілген «крестоносылардың аттылары» п.б.

Келесі эпизодА.Невскийдің әскери бейнесі қарама- қарсылықты суреттейді. «Орыс адамдары көтеріліске шығындар» тақырыбы п.б.

Жоспар: I-бөлім – эпикалық

II-бөлім-кіріспе

 

III-бөлім – крестоносшылардың көрсетілуі

IV-бөлім – А.Невский әскерінің көрсетілуі

V-бөлім – қақтығыс

VI-бөлім –лирикалық шегіну

VII-бөлім – қорытынды финал

 

 

 

«Курес» эпизодында – жігерлі, динамикалық мінезде берілген. Аяқ астынан «скамарохтардың» әуенді тақырыбы беріледі.

Дамыту тарауында крестоносшылардың тақырыбы қырғын қызу таласы күшейеді, ал А.Невскийдің тақырыбы тым батылды, жігерлі боп, кульминация кезінде осы екі тақырып полифониялық жолдармен қиылысады. Нәтижесінде күш қуатты толқын қабатталады  (салынады). Мұнда мұздың  сынуын эпизод бейнелейді, ал одан кейін азалы саз жүреді. Барлығы IV-бөлімдегі  Отан тақырыбымен аяқталады.

 

VI-бөлім 3 бөлімді форма, меццо сопрано мен оркестрге арналған.

Негізігі тақырып – қайғылы, мұңлы, орыстың халық әнінің жылау әуенінен құрылған. Бұл қаза тапқан адамдарды жоқтау. Ортанғы тарауда композитор 3-ші бөлімдегі қайғылы тақырыпты қайталайды. Қайталауда-жылау бейнесінің тақырыптары қайтып өтеді.

 

VII-бөлім-барлық дамытуды қорытындылайды. Ол алдынғы бөлімдердің тақырыптарынан құрылған.

 

 

 

«Нұрлы жастар 2022»

Саликова Айсана Асланқызы, Сағынғалиева Аягөз Оралбайқызы, Смуглий Виктория Игоревна, Тарасенко Виктория Евгеньевна, Урахова Болғанай Райзоллаевна

студенты Высший педагогический колледж имени Ж.Досмухамедова

Руководитель: Маденова Тамара Утегеновна Подробнее….

ОУД, область Творчество, раздел Лепка тема: «Профессиональные инструменты»

Акылбаева Назгуль Сериковна

воспитатель КГКП «№17 сәбилер бақшасы  поселка Солнечный» отдела образования города Экибастуза, управления образования Павлодарской области Подробнее….

«Нұрлы жастар 2022»

Глущак Евангелина Евгеньевна, Гостищева Миллена Степановна,

воспитанники старшей группы «Солнышко» КГКП «№17 сәбилер бақшасы  поселка Солнечный» отдела образования города Экибастуза, управления образования Павлодарской области

Руководитель: Акылбаева Назгуль Сериковна Подробнее….

Н. М. Торопова «Частушки»; В. Гиллок “Зачарованное дерево”

Муканова Хадиша, Алпысбаев Алишер

ученики ГУ «Музыкальная школа имени Бахытжана Байкадамова отдела образования акимата города Аркалыка»

Руководитель: Юсупова Анна Владимировна Подробнее….

Е. Дога Вальс

Таухметова Дайана

ученица 6 класса КГУ «Детская музыкальная школа  имени Б.Байкадамова отдела образования города Аркалыка» Управления образования акимата Костанайской области

Руководитель: Молдажанова Жумаш Кайрулаевна Подробнее….

«Нұрлы жастар 2022»

Тұрғанбай Нуриман, Жұмағали Назерке, Жұмаханов Нұрасыл, Мухамбетов Темирлан, Тарас Арайлым, Сисенғали Көркем, Сайлау Алихан,

Мұхамедқызы Рашида

ученики ДШИ имени Абыла Таракулы г Актау

Руководитель: Имангалиева Гузель Мухитовна Подробнее….

«Нұрлы жастар 2022»

Чингис Меруерт, Мендуллаев Арлан, Бекзат Айсулу, Қондыбай Жания, Жумагул Еркосай, Машкулов Рысбек, Аширбек Марьям

ученики ДШИ имени Абыла Таракулы г Актау

Руководитель: Имангалиева Гузель Мухитовна Подробнее….